Қазақта бір мақал бар еді «орыс ойына келгенін істейді» деген. Қазіргі біздің билік те әр түрлі тәжірибе жасаудың көкесін көрсетіп жатыр. Айталық біреу қылмысты болады дейді, енді оның қарасын анықтап қылмыскер атап, жалпақ жұртқа жариялап, абақтыға қамап, пәленпай жылға соттайды. Ал сосын, ойбай, ол ақ екен, құлан таза күнәсіз жан екен, жаңылыпты, жаңсақ болыпты деп бұғауын шешіп босатып жатады. Алайда, әлгі, жазған, жаңылғандарға айып тағыла ма, тағылмай ма ол жағы жабық. Немесе, әлде кімді, тұқыртып, жасытып, сағын сындыру үшін түрмеге бір тоғытып алу керек пе екен, бұл тіпті жұмбақ. Осыны қарапайым халық көреді де биліктің істеп жатқан ісіне ат жарысын тамашалағандай ғана, кейінгі кезде, «бір пәлеқор, бір пәреқор сотталыпты» десе, «е, соттап жатады, отап жатады, оны қойшы, ертең-ақ босатады, сонан соң бір жайлы орынға отырғызады» деп селқостық танытатын болды.
Мәселен, министр болған, одан басқа да дардай лауазымдарды атқарып жүріп сотталған «Қазақстан темір жолының» бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеев былтыр күзде, 2009 жылы 20 қарашада шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты. Жұрт та, басқа да, әпербақан оппазиция да оған тым сондай әсерленіп елеңдей қойған жоқ. Бар болғаны бір шенеуік-
2008 жылы 1 сәуірде Астанада «үлкен көлемде пара алған» деген күдікпен ұсталып, «қызмет бабын асыра пайдаланған» деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылған Жақсыбек Күлекеев бостандыққа шықты. Сөйтіп айыпталушы да, айыптаушы да аман, қоржынның екі басы теңесті.
Міне, 18.01.2010 жылы ҚазТАГ Жақсыбек Күлекеевтің жаңа қызметке – Қазақтың мұнай және газ институты» компаниясының корпорациялық даму жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалғандығын хабарлады. Сөйтіп бір мықты Түрмеден төрге бірақ шықты. Бізде бәрі де мүмкін… Б.Қарамер
Түрмеден төрге шықты бір мықты
Соңғы жазбалар
Алматы қаласының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотында ұялы байланыс операторларының арасындағы шағым бойынша азаматтық іс қозғалған.
Қыркүйектің 10-нан бастап еліміздің барлық кинотеатрында болған оқиға желісімен түсірілген «Қара алтын» мотивациялық бизнес-драмасы көрсетіле бастады.
Орал қаласында қазанның 1-інен бастап қоқыс шығару тарифі 659 теңге болады. Осылайша шаһарда қатты тұрмыстық қалдықтарды
«Адамдардың басын қосамыз, қалдықтарды сұрыптаймыз!» Бұл «Recycle Бірге» экологиялық қозғалысы ның ұраны. 2018 жылдан бері жұмыс
Тергеу журналистерінің халықаралық консорциумы – ICIJ сайтында 14 тамызда жарияланған мақаланың атауын қазақ тіліне аударсақ: «Қазақстанның
Фото: Дмитрий Шек Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы Клара Байбулова зейнеткерлік демалыста да тыныш отырған емес.
Мінекей, он ай да артта қалды. Естеріңізде болса, мен Астанадан Лидске 10 айлық ғылыми тағылымдамадан өтуге
Биыл 23 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Орталық Азия елдері «Жасыл мектеп» өңірлік платформасын
Құрылтай сайлауы аяқталды. Ал нәтижеге қоғам сене ме? Ел ертеңі дейтін жастарымыз саясатқа шынымен қызықпай ма?
Алматыдағы Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мектеп-интернат жаңа оқу жылын білім беру
Түрмеден төрге озған мықтының тіреушісі күшті шығар. Әйтпесе, түрмеден шыққандарға белгілі бір мерзімде қызмет берілмеуші еді ғой. Міне, қызық. Біздің елде бәрі де болады екен-ау.
Иә, саяси көзқарасы тұрғысынан, тағы басқа да қимылынан елдің билігіне ықпал етіп отырған кландарға жақпаған тұлғаларды тұқыртып алу ісі кәдімгі жүйелі түрде жүргізіліп жатқан сынды. Құлекеев те сол бір ықпалды тұлғаның көңіліне жақпаған адам.