//

Заманақыр теориясы терістелді

1755 рет қаралды
1

«Канада темір жолы» газетінің 23 қазандағы хабарына қарағанда, жексенбі күні өткізілген Мая мәдениеті  жайлы конференцияда Мексикалық ғалым Клерин: «Маялар ежелден заманақыр жайлы болжам жасамаған, олардың жыл санау айнымалы болады, 2012 жылы заманақыр емес, қайта жаңа заман басталатын уақыт», – деген пікір білдірді.

Клерин мырза: «Маялардың жазып қалдырған 10 мың нұсқа жазуының ішінде тек біреуінде ғана 2012 саны ауызға алынады. Онда «Адамдар 1 миллион 872 мың күн кешіп, 2012 жылға аяқ басады, бұл күні құдай тағала көктен жер бетіне түседі.» деп жазылған. Адамдар осыған негізделіп аталған уақытта заманақыр болады дегенді айтып жүр. Шындығына келсек, Маялар заманақыр дегенді болжаған емес. Олардың қоғамы егіншілік, дін және топтық қимылдарды негіз еткен, әрбір егіншілік периодының аяқталуы олар үшін жаңа бастама ретінде өмір-тіршіліктерін қортындылау мен танудың белгісі болып саналған. Маялардың табиғат пен тіршілік дүниесіне болған түсінігі жыл санауының үздіксіз қайталануын, сондай-ақ, заңдылықсыз алға жылжып отыратындығын белгілеген», – деп түсініктеме жасады.

Айта кетер тағы бір жайт, Клерин бүкіл адамзатқа қорқыныш ұялатқан «2012 – ақырзаман теориясын» көтерген адамның Мая мәдениетін түсінбейтін Коломбиялық бір архитектор екендігін айтып, адамдар санасына үрей тудырып отырғанына өз өкінішін білдірді.

«Жаңа Еуропа» сайты, 25-қазан
Дайындаған: Мұқаш ЖОШЫ
Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Құдай сақтасын, енді біраз көңілім орнықты ғой. Біздің ауылда бұған шынымен сеніп жүргендер бар әуелі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар