//

216-шы Эль Класико

343 рет қаралды
2

 

«Реал» – «Барселона» – 1:3 (1:1)

Голдар: Бензема, 1 – Санчес, 30; Марсело (автогол), 53; Фабрегас, 66

Ескертулер: Хаби Алонсо, 26; Диарра, 61; Пепе, 62; Рамос, 70 – Санчес, 27; Месси, 36; Пике, 48

«Реал»: Касильяс, Куэнтран, Пепе, Рамос, Марсело, Хаби Алонсо, Диарра (Хедира, 62), Ди Мария (Игуаин, 68), Озил (Кака, 58), Роналду, Бензема.

«Барселона»: Вальдес, Алвес, Пике, Пуйоль, Абидаль, Бускетс, Хави, Иньеста (Педро Родригес, 89), Фабрегас (Кейта, 79), Месси, Санчес (Вилья, 84).

Мауринью жігіттерінің турнирлік кестедегі жағдай жақсырақ еді. Ойыны да екпінді. Алайда, кешегі ойын сұрақты қайта төтесінен қойған секілді. Дәлірек айтсақ, бүгінгі таңда Мауринью мен оның ойыншыларының Ель Класикода қарсы қояр қаруы жоқ екені анық болды. «Реал» чемпионатта қарсыластырын шақ кешлтірмеуі мүмкін, бірақ «Пепке» әзірше тіс батпайды. «Реал» үшін алғашқы минут тәп-тәуір-ақ басталып еді! 22-ші секундта Бензема есеп ашты. «Барселонаның» жеңістерін көруден жалыққандар 2 сағаттан кейін: «Букмекрлік кеңселер дәл болжапты», «Барсаның» сауадсы бітті» деп өңештеуге дайын отыр еді, сәлден кейін көңілдері су сепкендей басыла бастады. Өйткені, «Барселона» ойыны көп күттірмей өз айшығын таба бастады. Гвардиола, командасы гол жібергеннен кейін, бірден ойынды басқа арнаға бұрды. Санчестің голы таза «Барсалық» стильде кірді. Үзілістен кейін Хави күлкі келтірер түсініксіздеу голдың авторы атанды. Ал Фабрегас істі соңына дейін жеткізіп ойынға қатысты сұрақтарға лайықты жауап берді. Футбол күнінде Роналдуның қолынан түк келмеді. Олай да тепті, былай да тепті – түгелі қиыс. Коэнтрао мен Өзіл де қарсылас алдында қалтырағандай. Қорқақтық па? Әлде сенімсіздік пе? Бәрін айт та бірін айт, «Барса» жанкүйерлері түн ауа сүйікті клубының өнерін тамашалай тағы да жан-рахатқа бөленді.

 

Ойын «сұмдық» басталды. Вальдес допты шығарам деп айып алаңда тұрған қарсыласына сыйлайды. Орташа дистанциядан соққы бағытталды. Доп қорғаушының аяғынан дәл Бенземаның алдына түсіп артынша қақпадан бірақ шықты. Бұл матчтың 22 секунды еді. Бірінші гол – «Барселона» қорғаушыларының өрескел қателіктерінің көрінісі. Бензема допты теуіп жатқанда Пике дәл қасында қарап тұрды. Алғашқы гол ойын қыза түсерінің белгісіндей, «жақсылықтың» нышаны болды. «Блауграна» үлкен күшпен шабуылдауға көшті. «Реал» да аласұра жауап қайтарып тұрды. Рамос 6 минутта тайып доп Месси аяғына түскенде Касильяс «дір» ете түсті. Қайта құдай сақтап, доп сәл қиыс кетті.

 

«Барса» допты артық ұстамауға тырысып шабуылға жылдамырақ көшуге иек артты. Алайда алаңның қарсы бетіне көше салып бірден жоғалтады. Сондай сәттің бірінде допты тартып алған Роналду қапталмен өтіп Вальдеске алыстан соққы жасады. Қақпашы әуппірімдеп жүріп жұдырықпен қайтарды. Алаңдағы жағдай ушыға бастады. Мадридтіктер кез келген мүмкіндікті жібермеуге тырысып, алыстан жиі теуіп тұрды. Мессинің ортаға терең түсе берунің себебі 30-шы минутта түсінікті болды. Допқа иелік еткен кезекті сәтінде орта шеппен өтіп екі бірдей қорғаушымен арпалысып жүрген Санчестің алдына салады. Соңғысы әріптесін жерге қаратпай допты Касильястың оң бұрышына теуіп таразы басын теңестірді. «Реал» өре түрегеп қарсыласын қыспаққа алуға тырысты. Еркінси бастаған «Барса»қанатын кеғге жайды. Алвеш алға жылжып, Пуйоль жетке ығысыт. Бірінші таймның соңында Месси орталықта ереже бұзды. “Сантьяго Бернабеудегі” жанкүйерлер ысқырып Борбаланнан Мессиге 2-ші сары қағаз көрсетуін талап етті. Бас төреші үнсіз қалды.

 

Екінші тайм «Реалдың» бірнеше жақсы шабуылдарымен ерекшеленді. Роналду айып алаңының алдында Пикеден қашып өткекші еді, қорғаушы оны құлатып түсірді. Стандартты өзі орындамақшы болған Роналду ұзақ дайындалып допты мол махаббатпен тосқауылға тигізі. 53 минутта Иньеста ойыншылар арасынан сытылып өтіп еді алдынан Марсело қарсы алды, доп Касильясқа қарама-қарсы ұшып, қақпашы қолы құйтырқы соққыға сәл жетіңкіремей қалды. 1:2. 57 минутта Абидаль сырғанақ шөпте тайып «Реалдың» үш бірдей ойыншысына гол соғатын керемет мүмкіндік берді. Бензема Роналдуға пас берді. Ол қақпаға тебудің орнына допты Өзілге береді, соңғысы доп орта жолда жоғалтады. Мадридтіктер түгел сәттерді жеңіле бастады. Иньеста мен Хави орталықты «жеп» қойды. Мауринью қандайда бір өзгеріс енгізбекші боп Диарраны Хедираға алмастырды. Қайыр жоқ. Роналду ойынды өзіне алмақышы болып алыстан соққы бағыттады. Қақпадан биік. «Барселонаның» қарсы шабуылы нәтижелі әкелді. Алвеш оң қанатпен құйындай өтіп қақпаның арғы жағындағы Фабрегасқа көтереді. Коэнтраоға Фабрегастың допты баспен соғып жатқан сәтін дәл қасынан бақылау «бақыты» бұйырды. 1:3. «Реалдың» өз-өзіне деген сезімсіздігі ұйымдастырған шабуылдарын нәтижелі аяқатауға кедергі болды. Барса ойын соңына дейін сауатты қорғанып салмақты қимылдады. Жеңіс қайтадан «Барса» жағында.

 

 

Олжас НҰРАЗХАН

Мінбер-Sport

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар