Конкурс журналистов_лого_каз«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы БАҚ өкілдері арасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы туралы немесе жалпы еліміздегі кәсіпкерлік жайында  үздік материалды анықтауға арналған «Қазақстандағы кәсіпкерлік БАҚ назарында» тақырыбында байқау жариялайды.

Республикалық журналистер байқауы кәсіпкерлік идеясын дамыту және насихаттауға үлес қосуға, сонымен қатар халықты  мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралар жайында ақпараттандыруға арналған жоғарғы деңгейдегі жұмыстарды анықтау мақсатында өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты:

  • ·         Қазақстандық кәсіпкерлер жайында мақалалар жазып жүрген журналистер мен БАҚ-тарға қолдау көрсету;
  • ·         Шығармашылық белсенділікті ынталандыру, Қазақстан Республикасы журналистерінің арасында кәсіби әріптестік пен шығармашылық бәсекелестікті дамыту;
  • ·         Кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне, сонымен қатар мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шараларға арналған матариалдарды  БАҚ беттеріне шығару.

Байқауға көрсетілген мақсаттар мен талаптарға сай келетін материалдарды әзірлейтін және оларды БАҚ беттеріне жариялайтын заңды (ҚР мерзімді БАҚ-тарының редакциялық ұжымдары, телерадиокомпаниялар, сонымен қатар  ҚР БАҚ саласында қызмет көрсететін басқа да ұйымдар) және жеке тұлғалар (штатты және штаттан тыс авторлар) қатыса алады.

Байқау жеңімпаздары 8 номинация және «Даму» қорының  «Кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін белсенді де білікті түрде баяндағаны үшін» арнайы номинациясы бойынша анықталады.  

1)     «Үздік бейнесюжет (телебағдарламама) – орыс тілінде;

2)     «Үздік бейнесюжет (телебағдарламама) – қазақ тілінде;

3)     Үздік радиосюжет (репортаж) – орыс тілінде;

4)     Үздік радиосюжет (репортаж) – қазақ тілінде;

5)     Мерзімді БАҚ-ғы үздік жарияланым – орыс тілінде;

6)     Мерзімді БАҚ-ғы үздік жарияланым – қазақ тілінде;

7)     Интернеттегі үздік жарияланым/жоба – орыс тілінде;

8)     Интернеттегі үздік жарияланым/жоба – қазақ тілінде.

Әр номинация бойынша бір жеңімпаздан анықталады. Бойқаудың әр номинация бойынша жүлде қоры 250   теңгені құрайды.  Арнайы номинация бойынша – 300 000 тг.         

Байқау қортындысын шағару үшін қазылар алқасы құрылады, оның құрамына келесі тұлғалар кіреді:
·         «Даму» қорының өкілдері;
·         Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының өкілдері;
·         Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері;
·         Қазақстандық ЖОО-ның жірналистика факультеттерінің жетекшілері; 
·         Тележурналистика, мерзімді баспасөз журналистикасы, радиожурналистика саласындағы өз ісінің шебер мамандары

Байқауға қатысуға 2013 жылдың 01 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 31 қазан аралығында мерзімді баспасөз және интернет-ресурстар беттерінде, немесе теле және радиоарналарда шыққан жұмыстар қатыса алады.

Қатысушыларды online-тіркеу www.mediasystem.kz порталының «Конкурс журналистов 2013» бөлімінде жүргізіледі. Байқауға мәлімделген барлық жұмыстар«Медиа-Систем» порталында жарияланады.

Қосымша ақпарат бойынша жоба үйлестірушісі Стрельченко Еленаға хабарласыңыз:

e_strelchenko@mediasystem.kz

8 701 232 61 84

8 775 333 10 44

8(727) 295 47 59


Facebook-тегі ресми топ: http://www.facebook.com/mediacontest2013

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі