//

“Наурызда” ауыз су қашан болады?

1067 рет қаралды
3

DSC_0192 DSC_0186 DSC_0185 DSC_0184 DSC_0182 DSC_0178 DSC_0177 DSC_0176 DSC_0174 DSC_0172 DSC_0170 DSC_0167 DSC_0163 DSC_0162Наурыз ауылы. Ауыз-су мәселесі, мектеп мәселесі бойынша әлі күнге дейін шешімін таппай жатқан бірден бір ауыл. Халық саны көбейіп келе жатқан кішкене ауылдың күйбең тіршілікпен күй кешіп жатқанына, бірталай жыл болса да, тұрмысқа қажетті мәселелер шешімін таппай жатқанына не кедергі?

Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Наурыз ауылының ең алғашқы тұрғыны 7-8 жыл бұрын қоныстанған екен. Қазір түтін саны көбейіп, 200-300-дей отбасы өмір сүруде. Халық санының 90 пайызы оралмандар екен.

Осы ауылдың тұрғыны Құмархан Бақыткүлдің көшіп келгеніне 6 жыл болған. Өзі 2-ші топтағы мүгедек.

 Көріп отырсыздар, міне, су мәселесі. Бұрын мынау көрші тұрған ауылдардан тәшкелермен тасушы едік, қазір ол жерді жауып тастағаннан кейін, Ұзынағашқа не болмаса Қарғалыға баруға тура келеді. Кейбіреулер тіпті, үйлерін сатып, суы бар жерлерге көшуде.

Кейін мектеп! Өзі алыс әрі жол жаман. Үш баламды ары-бері тасып жүремін.

 Ауыл ішін аралап жүріп, жол мәселесі шынымен де шошырлықтай екеніне көзіміз жетті. Қарсы алдымызда келе жатқан,су тасыған жүк көлігін тоқтатып, ішіндегі азаматты әңгімеге тарттық.

 Суды сатып аламыз. Кім береді тегін суды. Бағасы 500-1000 аралығында Судың тазалығы жөнінде ешқандай кепіл жоқ.У болса да ішесің. Біз әлі 1991жылдың кейпіндем,  дейді есімін жариялағысы келмеген ауыл тұрғыны.

Неге екені белгісіз  бәрінің билікке деген өкпесі қара қазандай, бірақ ешкімнің  ештеңе айтқысы келмейді. «Етіміз үйренді» деген кейіпте жүргендей.

Жергілікті билік өкіліне жолығайын деп едік, кетіп қалған деседі бұқара халық.

Ауыл ақсақалына барып, осы мәселені айтып едік.

 Су мәселесі бірден шешіле салады дегенге мен сенбеймін. Себебі халық енді ғана көшіп келді. Әрине оған бірден мемлекеттің күші келмейді. Бұл шешіледі ғой…

 Бізге ең бастысы мектеп болып тұр. Қазір қызымды бірнеше шақырым жердегі мектепке ентігіп, әрең апарамын. Бәрінің қиналатыны да сол, деді  73 жастағы Тоғызбаев Бегімхан ата.

 Ауылдың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамайтын, Құмар Тамара апамыз бізге былай жауап берді:

 Барлығымыздан(яғни әр отбасыдан) 7 мың теңге алады салық ретінде. Біздегі сұрақ. Жерді заңды түрде сатып алдық. Заңды түрде менің атымда.Ал 2009 жылдан бастап үкіметке жердің салығы ретінде тағы төлейміз. Билік тарапынан ешқандай бір қолдау болып жатқан жоқ. Біз ауылмыз ғой,неге бізде учаскелік инспектор деген атымен жоқ?Бір қаңқу сөз бар. Әрине шындыққа жанаса ма білмедім, Біздің Киселов мырзаның ұлы Сергей Киселов ҚР Паламентінде депутат екен. Соған сүйене ме, біздің бау-бақша шаруашылығының директоры Киселев мырза қолының ұшын қимылдатқысы жоқ. Біз ештеңе білмейміз ғой, тек естігеніміз бен көргенімізді айтамыз.

Елбасымыздың «Ауылдың амандығы – елдің  амандығы» деген сөзі бар емес пе? Ия, ауылдың тыныс-тіршілігінің хәлі қандай екенін біреуі білсе, біреулері мүлдем бейхабар. Сол секілді ауылдың өркендеуіне, жағдай жасалуына қаншалықты демеу болып жүрміз.

Осындай кішкентай елдімекендердің көрінбей, айтылмай кететін маңызды мәселерін шешіп,демеп жіберсек, ауыл халқы өзі-ақ шарықтап дамитыны сөзсіз белгілі.

                               Нұрлан Асқар

                                     Дархан Сакенов,

СДУ, журналистика кафедрасының

ІІІ курс студенттері

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Бәріміздің түбіміз ауыл дейміз, осындай кішігірім ауылдардың жағдайы жақсарғанда ғана, еліміз дамып алға басады емес пе?

  2. Осындай қордаланған мәселелері шешімін таппаған ауылдарға көмек керек. Әкімдер халықна жақын болса, Қазақстан баяғыда-ақ гүлденіп кетер ме еді

  3. Осындай мәселелерді билік басында отырған азаматтар бей-жәй қалдырмайтынына сенейік!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі