//

«Құлагердің» құлын даусы тағы да шықты

549 рет қаралды

Q-gerОқырман қауым тақырыптың қойылуынан-ақ, сөзіміздің не туралы боларын байқаған боларсыздар. Әрине, бұл жолғы ащы дауыс  – Батыраштың балтасынан мерт болған Ақан Серінің атақты Құлагерінің шыңғырған жан дауысы емес , сол сәйгүліктің есімін иеленген «Құлагер» атты қара базардың жан ұшырған айқай-шыңғыруы. Қарашаның 17 күні таңертеңгі 7 сағатта Алматы қаласының әйгілі қара базарының «Құлагер», «Арал», «Еуразия» атты үш бірдей базары өртке оранып, күл болды. Аумағы 4 мың шаршы метр деседі. Әйтеуір адам шығыны жоқ көрінеді. Алайда 5 сағатқа созылған қызыл жалын аталған үш базардың бар мүлкін жалмап кеткен.

Саудагерлердің дені тауарларын алып үлгірмеген. Бар малы өртке оранған жандардың шырқыраған жан даусы мен айғай-шуы адам төзгісіз. Еңірегенде тектері жасқа толған қорғансыздарың ауызынан неше түрлі сөздер – қарғыс, лағынеттер шығып жатты. Біреулер бұны қасақана от қайып өртеді десе, әкімшілік белсенділері бұл жорамалды да жоққа шығармайды. Бірақ, осы өртке қатысты тергеу-тексеру амалдары жүріліп жатқан көрінеді. Сондықтан оқиғаның анық-қанығына, себеп салдарына бір ауыздан үзілді-кесілді жауап беру әлі ерте. Қалай болған күнде де базармен күн көрген қалың бұқара қара түтін жұтып,  аңырап көшеде зарлап қалды. Билік бұ бейшоралардың тағдырын қалай шешетіні әлі белгісіз қалып отыр.

Қарамер 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі