///

Зуқа батырдың Оспан батырға бата беруі

1121 рет қаралды
4

           Бақытбек Бәмішұлы:

Зуқа батырдың Оспан батырға бата беруі 

(Өлең-романнан үзінді)

zuqa batir...Мінген аты жер баспас желісті кер,

мініс батпас жаз жайлап жетесіне.

Алақандай батырдан егістік жер,

бидай алып бір бақыр есесіне:

(Суретте: Зуқа батыр)

«Берем,– деген,– күзекте екі қап бидай».

Қайтармаған қажы да меселдесін.

Ойлап жүрді жаз бойы Оспан ұдай,

«Ұрындым,– деп,– осы мен кеселге шын».

Егін бітік, жаз жайлы, батырға да,11 ospan

ырза және ырысты топыраққа.

Көңіл – балқаш, көктемдей жасыл ала,

кенелгені кедейдің жалқы баққа.

(Сурет-2: Оспан батыр)

Он қап, мүмкін, орары одан да көп:

қызыл бидай қызықты қырман басы.

Көктеп кеткен көк орай көңіл де көк,

шырайланып тер сүрткен кәрі-жасы.

Батыр келді ақ қабақ түске таман,

әрі қажы қоп-қою қара сақал.

Деді ме екен: «бермесең күшке салам,

кісі дейтін серт бұзса аса қатал».

Қырына алса қоймайтын қыршын тісті,

басады екен дұшпаннан жеп тоятын.

Адамдар ғой асырып кемшін істі

артық айтып артына леп қоятын.

Тұрса-дағы тарысын іштен қимай,

бота-тайлақ емес пе борышты адам.

Өңгерткенде иықтап бір қап бидай,

ілгерілеп тоқтады ол үш қадам.

Қағылез ат мінгені қасқа дөнен,

қарау – ғайбат батырдың сағы, түрін.

Шаншылып кеп түсердей тақ төбеден:

«Әкел!– деді,– екеудің тағы бірін».

Ала ұмтылды жалма-жан Оспан бір қап,

былқ етпеді күдір бел қасқа дөнен.

«Берсе тәңір бір қапқа болар ынсап,

бай емес пе басқа да асқа кенен».

«Адам,– десті,– діні де десі қатты.

Қай қылығым апырмай, жақпай қалды?».

Ат үстінен төңкеріп екі қапты,

Зуқа батыр аударып тастай салды.

«Мұнысы не, сезді ме, ал күндейін»,

жұрт сілтідей, Оспан да қалған тынып.

– Сен бердім де, мен қарақ, алдым дейін,

Аллауакпар!.

Жасалды:

Арлан – қылық!

– Мынау ісің мәрттікке лаық қылық,

Жігеріңді еш жауың жасқамасын!…

Берді Зуқа Оспанға Ақ батасын,

Ат үстінен алақан жайып тұрып.

Аяусыздық тізгіні қаңтарылып,

айыққандай бу басқан тұманды аңғар.

Тайып бағы арайлы таң тарылып,

тулап кетті аң-таң боп тұрған жандар.

«Әй, Оспан-ай, ұрынып бұ пәлеге

енді қайтіп екінші жолармысың.

Жарамайтын жосықты бір кәдеге,

тастай қатты сілейген болар мүсін,–

жаңа ғана дескендер,– «пәле келді»,

кері айналып тығылды бетін басып.

«Бәрекелді, пай-пай-пай, бәрекелді!»,–

жатқандай-ақ жар құлап Ертіс тасып.

«Орманым-ай, ортаймас қормалым-ай,–

құйды, жауды, нөсерлеп мол алғысын:

Өстімесең, өр мінез, қорғаным-ай,

Зуқа, Зуқа, шіркін-ай, болармысың!»…

Осыменен күмілжіп бір таң атты,

Сынуға шақ әзер тұр діңке қатты.

Көкірегінің түбіне күн ұялап,

Бата жасап, тарасты өңкей затты.

………………………………………………..

……………………………………………….

                                                       Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі