/

Қазақстан әлемдік «ОСКАР» сыйлығына тағы бір фильм ұсынбақ

2569 рет қаралды

Қазақстан кинематографистер одағының фейсбук парақшасында жариялаған ақпарат бойынша 2021 жылдың  25 сәуірінде 93 – рет марапаттау салтанаты өтетін байқауға «Ұлы дала зары» фильмін ұсыну туралы Қазақстан Оскар комитеті шешім шығарған. Е.Маликов продюссерлік еткен М.Кунарованың фильмі Сталиндік билік кезіндегі нәубетте қазақ халқының қалай қырылғанын тарихи деректерге сүйеніп суреттейді. Американың кино өнері мен ғылым академиясы сыйлығының «International Feature Film» – «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымына бұған дейін еліміздің атынан «Келін», «Тюльпан», «Аманат», «Адасқан», «А-ға оралу», «Мың бала», «Анаға апарар жол» фильмдері ұсынылған еді.

Қазақстанның би өнері «Сұлтан Бейбарыс» балетімен толықты   

4-5 желтоқсанда «Астана Балет» театрында «Сұлтан Бейбарыс» қойылымының премьерасы өтеді. Қазақ даласында өмірге келіп Мысыр мен Сирияның мәмлүк сұлтаны болған Бейбарыстың тағдырын би өнері арқылы көрсетуге Қазақстанның танымал шығармашылық өкілдері атмалысты. Балет либреттосын ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков жазса, музыкасын Хамит Шанғалиев пен Әлібек Әлпиев әрледі.  Қоюшы-хореограф  – «Астана Балет» театрының бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри. Қоюшы-хореографтың көмекшісі – Айжан Жүнісова. Сондай-ақ қойылымға халықаралық жобаларымен танымал, шетелдік білікті мамандар сценограф және қоюшы-суретші Леонид Басин пен костюмдер әрлеушісі Ася Соловьева да үлес қосты.

Жаңа балетке дайындық бір жыл бұрын басталған еді, бірақ короновирус пандемиясына байланысты премьераны бірнеше рет кейінге қалдыруға тура келді.

Тарихи балет қою туралы идеяны алғаш ұсынған «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау» қоры, бұл идеяны «Самұрық-Қазына» АҚ қолдады.

.

 

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері