///

Мұқағали ескерткішінен туындаған дау: Ескерткіш талапқа сай, – дейді ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев

2147 рет қаралды
фото Қанат Әбілқайырдың фейсбук парақшасынан алынды

Алматы облысы, Райымбек ауданында мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші тұрғызылды. Жоба құны 61 млн. 826 мың теңге. Алайда Мұқағалидың мүсініне көңілі толмай жатқандар жетерлік. Біз осы мәселенің анық қанығын білу мақсатында ескерткішке қатысы бар адамдармен хабарласып көрген едік, 

Желі қолданушысы, жазушы Қанат Әбілқайыр ескерткішті мүлдем жаратпаған пікір айтып, бірнеше пост жариялапты.  

Қанат Әбілқайырдың пікірін белгілі актер Асқар Наймантаев та құптайды:

Ақынның ұлы Жұлдыз МАҚАТАЕВ бұл пікірлермен келіспейтіндігін айтты:

– Мүсінші Қадырхан ағамыз мүсінді жасап жатқан кезде бізді әулетімізбен шеберханасына шақырып ақылдасқан болатын. Біз өз пікірімізді айтып, кем-кетігін көрсеткенбіз. Жұмыс барысында ол олқылықтар түзетілді. Өз басым мүсінге қатысты ешқандай сын айтпаймын. Маған да, отбасыма да ұнады. Бойы тапал емес, басы да ешқандай үлкен емес. Енді бірі ескерткішті Қытайға қарап тұр дейді. Ол пікірмен де келіспеймін. Ескерткіштің тұратын орнының ыңғайы солай, оның үстіне, жергілікті мүсіншілер де қазіргі тұрғанындай қаратқанды жөн көрді. Біткен іске сыншы көп қой. Қайсыбіріне айта бересің. Қанаттың да пікірін оқыдым. Келіспеймін. Маған ұнады. Ескерткіш сәтті шыққан.

Жобаға қатысты комиссия мүшесінде «Балдырған» журналың редакторы Дүйсен МАҒЛҰМОВ бар деген соң мүсінге қатысты пікірін білмекке хабарласып көрдік. 

Біріншіден, жобаға қатысты комиссия құрылған жоқ. Шартты түрде ешқандай комиссия мүшелері болмады. Бұл жоба облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жүзеге асып отыр. Жобаға қол қойған да сол кісі. Ал оны орындаушы аудан. Біз тек Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы қарсаңында өтетін іс-шараларға ғана қол қойдық. Ал ескерткіштің бұған түк қатысы жоқ. Ескерткіш жайлы жеке пікірім мүсіннің ешқандай да аяғы қысқа емес. Басы да дәу емес. Ал ескерткішті шығысқа Қытайға қарап қалған деп жоқ жерден сын айтқандарға айтарым, қазақ өзі үйінің есігін де шығысқа қаратады ғой. Күн түссін деп. Ал ескерткіштің шығысқа қарағанында тұрған не бар? Сосын ескерткіш әлі толық біткен жоқ. 65 см қосылады тағы. Ашылу салтанаты да бір жарым айдан кейін болады.

 Біз Райымбек ауданы әкімінің баспасөз хатшысына хабарласқанымызда олар эскерткіштің ашылуына әлі біраз уақыттың бар екенін айтты, әрі ескерт емкіштругің арінінсія комиссия сайтсайта. Егер комиссия жоғарыдағы сындар негізсіз деп тапса, ескерткіштің ашылу салтанаты ақынның 90 жылдығына орай жасалатын болады. 

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері