“Президент Тоқаевтың арқасында ел іргесі сөгілген жоқ” Н.Назарбаев үндеу жасады

1051 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Үндеуді Тұңғыш Президенттің ресми сайты  – elbasy.kz жариялады.

“Құрметті отандастар! Ардақты ағайын!

2022 жыл халқымыз үшін күрделі де қатерлі сынақтан басталды. Баршаңызға мәлім, ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай тәртіпсіздік орнатып, террористік шабуыл жасады.Соның салдарынан бейбіт тұрғындарымыз зардап шекті. Қасіретті оқиға кезінде қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Лаңкестер елдігіміз бен егемендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп, жұрттың берекесін қашырды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ. Мемлекет басшысын қолдау – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ендігі кезекте осы оқиғадан сабақ алып, мұндай бассыздыққа жол бермеуге тиіспіз.

Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде атқарған істеріміз аз емес. Қазақстан әлемге танылған еңселі елге айналды. Ұлан-ғайыр шекарамыз түбегейлі бекітілді. Елімізде іргелі реформалар жүзеге асып, Орталық Азияда көш бастадық. Еуразия жүрегінде, Сарыарқа төсінде жаңа астанамыз бой көтерді. Бірлік барда ешбір жау сағымызды сындыра алмас”, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан әрі сөзін орысша жалғаған Қазақстанның Тұңғыш Президенті, өзіне келген көптеген өтінішке жауап бере отырып және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жазбаларға байланысты 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғанын, содан бері зейнеткер екенін, қазір Қазақстан астанасында демалыста екенін, ешқайда кетпегенін мәлімдеді.  “Қасым-Жомарт Тоқаев – Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Жақында Президент Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитада жанжал немесе қарсылық жоқ. Бұл туралы қауесеттер мүлдем негізсіз”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі