///

Тоқаев Нұр-Отанға төраға болды

1156 рет қаралды
фото: inform.kz

28 қаңтарда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді. Қасым-Жомарт бір ауыздан Тоқаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.

Тоқаев елді алаңдатқан біраз мәселенің басын шалды. Негізгілеріне тоқталар болсақ:

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕТІНДЕ АШЫҚ ЖӘНЕ ӘДІЛ САЯСИ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ КЕПІЛІ БОЛАМЫН

– Еліміз өз дамуының өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, “Nur Otan» партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны өзгерту және бүкіл қоғамды топтастыру жұмыстарын бастауға әзірлік талап етті. Бұл ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық және әділ саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармақтарының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету.

Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады, – деген ол “Қаңтар касіретін” тәуелсіздік тарихындағы ең ауыр сынақ деп атап өтті:

БҰДАН БЫЛАЙ МҰНДАЙ ҚАСІРЕТКЕ ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ

– “Қасіретті қаңтар” біз үшін Тәуелсіздік жылдарындағы ең ауыр сынақ болды. Біз қоғамның кемелдігі мен мемлекеттің ауқаттылығы сынағын сәтті тапсырдық. Бірақ біз осы оқиғалардың бүкіл себептері мен салдарын терең талдауымыз керек. Бастан кешкен трагедиядан қажетті сабақтардың бәрін алуымыз керек. Бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз. Халқымыз бірлігінің арқасында осы сын-қатерге төтеп берді. Қазір алдымызда барлық саланы қайта жаңғырту міндеті тұр. Бұл – мемлекеттік аппаратты ғана жаңарту деген сөз емес.

-Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас Прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАРИХИ ЕҢБЕГІН ҰМЫТПАЙЫҚ

Тоқаев Назарбаевтың ел дамуындағы рөліне тоқталып, оның еңбегін бағалауымыз жөн дейді:

-Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді.

Тұңғыш Президенттің тарихи еңбек сіңіргенін ұмытпайық. Түптің түбінде әділ және шыншыл болуымыз керек. Өткенін қаралаған халықтың болашағы жоқ. Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр. Кемшіліктер Америка президенттері мен Қытай басшыларында да, тіпті қазір барлығы мақтап еске алатын сингапурлық көшбасшы Ли Куан Юда да болған

Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр. Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез-келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық.

МҮМКІН ЖЫЛ СОҢЫНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАЛЫҒЫНАН КЕТЕРМІН

Мемлекет басшысының партияға басшылық етуі қаншалықты орынды? Тоқаев жыл соңында бұл қызметті қайта қарайтындығын айтты:

– «Nur Otan» өзі де жаңаруы тиіс. Партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құру керек. Мемлекет басшысы өткен жылғы сайлаулардың қорытындысында «Nur Otan «халықтан сенімнің қажетті мандатын алғанын баса айтты. «Бірақ, атқарушы билік оны пайдалана алмады. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың айтарлықтай нашарлауына жол берді. Тапсырмалар, жоспарлар, міндеттер жиі формалды, қағазда ғана орындалды. Мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта оралуымыз мүмкін.

Шын мәнінде, «Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек. Ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс. Партияның барлық бастамалары елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналғанын ұмытпайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Парақшамызға жазылыңыз

Ботагөз Жөкен

Ботагөз Жөкенқызы.
1999 жылы әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп,
2001-2003 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
1999- 2001жылдар аралығында «Алтын орда» газетінде тілші,
2003-2005 жылдар аралығында "НТК" телеарнасында редактор, 2005-2016 жылдар аралығында «Алматы" телеарнасында редактор қызметін атқарды.
Бейбіт Құсанбек атындағы байқаудың лауреаты.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар