//

Әлихан Смайылов: Азық-түлік бағасының өсуіне валюта айырбастаудағы айырмашылық кінәлі

872 рет қаралды
фото: primeminister.kz

Бүгін Еуразиялық Экономикалық одақтың үкіметаралық кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтіп жатыр. Осы мәжіліске қатысқан Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов елдегі азық-түлік бағасының өсуін Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдердің ұлттық валюталар арасындағы алмастыру бағамының әртүрлілігімен байланыстырды.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ұлттық валюталар арасындағы айырбас бағамдарында да елеулі бұрмалаушылықтар бар екенін көріп отырмыз, олар америкалық валютаға қатысты кросс-бағамдар арқылы айқындалады. Бұл біздің елдердегі сауда мен инфляциялық процестерге айтарлықтай әсерін тигізеді», — деді Әлихан Смайылов делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осыған байланысты Премьер-Министр ЕАЭО елдерінің орталық банктерінің тиісті консультацияларын өткізуді және үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына ұсыныстар енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар Үкімет басшысы ЕАЭО елдерінің экспортын дамыту үшін тауарлар транзитінің еркіндігін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарындағы еуразиялық көлік дәліздерінің инфрақұрылымын жаңғырту осы бағыттағы маңызды практикалық қадам болуы мүмкін.

Соңғы алты айда ЕАЭО елдерінде азық-түлік бағасы отрада есеппен 12,9% өскен дейді қазақ Үкімет басы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар