//

Түркиядағы жер сілкінісі: Мыңға жуық адам қайтыс болды

833 рет қаралды

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан 1 мыңға жуық адам мерт болған, деп хабарлады РИА.
«Қазіргі таңда 912 адам мерт болған, 5385 адам жараланған. 2470 адам құтқарылған», — деп мәлімдеді Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган құтқару жұмыстарын үйлестіру орталығынан.
Президенттің айтуынша, мерт болғандардың нақты санын болжау қиын.
«Біз бұл апатта барынша адам шығыны аз болады деп үміттенеміз», — деді Эрдоган.
Ол сонымен қатар, әр қалада 2818 ғимараттың құлағанын айта кетті.
Еске салсақ, дүйсенбіге қараған түні Түркияда магнитудасы 7,4 балдық күшті жер сілкінісі орын алды. Елде қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Қазақстан СІМ жер сілкінісінен зардап шеккен Түркиядағы қазақстандықтардың жағдайын анықтауда. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген адам шығына әкеп соққан жер сілкінісіне байланысты Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоганға көңіл айтты.

Дереккөз: ҚазТАГ

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі