//

Володимир Зеленский: 2023 жыл Украина жеңісінің жылы болады

954 рет қаралды
фото: stan.kz

Ресейдің Украинаны басып кіргеніне тура бір жыл толды. Washington Post жазғанындай Украинаның президенті Володимир Зеленский бұл соғысты «жаңа тарихтағы ең ауыр күн» деп сипаттаған. Ол «Біз таңертең ерте ұйқымыздан шошып ояндық, содан бері ұйықтамадық» деген ол бұл соғыста біз Батыс Армиясының көмегімен жеңіске жететініне сенімді.

Ақпанның 24-інде АҚШ Украинаға тағы 2 миллиард доллардың көмегін беретінін мәлімдеді.

CNN Володимир Зеленскийдің 2023 жыл Украина жеңісінің жылы болуы тиіс деген сөзінен цитата келтіреді. «Украинаның ел болып қалуы немесе жер бетінен жоқ болуы сендердің қолдарыңда» деген ол солдаттарына.

UNICEF бір жыл бойына 487 баланың қайтыс болғанын мәлімдейді. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, 5.91 миллион украиндық (олардың пайызы балалар мен әйелдер) босқынға айналды.

ҚАЗАҚСТАН ТАҒЫ ДА ҚАЛЫС ҚАЛДЫ

Украина мен Ресей арасындағы соғыстың басталғанына бір жыл толуына орай БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ресей Федерациясының Украинаға басқыншылығын айыптай отырып, Украинадан әскерін шығарып әкетуін дауысқа салды. Әлемнің 141 мемлекеті бұл қарарды жақтап дауыс берсе, 32 ел қалыс қалған. Ресейдің өзін қоса есептегенде жеті мемлекет қарсы дауыс берген. Сол қалыс қалған 32 елдің бірі – Қазақстан.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі