//

“Маусым” аукционында ең қымбат сурет 500 мың теңгеге сатылды

950 рет қаралды

16-18 маусым күндері Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қамқоршысынан айырылған балалар салған суреттер қойылған «Маусым» көрмесі өтті. Көрменің соңғы күні суреттер аукционда сатылды. Аукцион жүргізушісі Айгерім Құсайынқызы туындылардың  шет елдерге де сатылғандығын айтты: «Балалар салған суреттер тек ел ішіне ғана сатылған жоқ. Жапонияда тұратын қандасымыз аукционға онлайн форматта қатысып, қомақты суммаға екі туындыны сатып алды».

Жобаға жалпы 11 отбасыдан 17 бала қатысып, көрмеге 33 туынды әзірлеген. 30 туынды ағылшын аукционына, ал қалған 3 сурет бөлек сатылымға шығарылды. Ең қымбат сатылған суреттің бағасы 500 000 теңге. Оны 6 жасар Нұрбол Алинұр деген жас талант салған. Туындының аты «KZ»  (Қазақстан) деп аталады.Суретте әр түрлі елдердің көлік нөмірлері бейнеленген. Сурет шеберлері баланың небәрі 6 жаста болса да түстерді үйлестіре білу қабілеті, шығармашылық қиялы жүйрік екендігін айтты.

 «Біздің мақсатымыз Қаңтар кезінде жақындарын жоғалтып, күйзеліске түскен балаларды қоғамдық өмірге араластыру, әртүрлі бояулар арқылы өмірді де қанық түстерге бояуға болатынын көрсету, ең бастысы адал еңбек арқылы ақша табуға үйрету»,- дейді жоба ұйымдастырушылары.

Жадыра Ілиясқызы, Алматы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,