Қазақстан армиясы теңіз жаяу әскері бригадасы БТР- 82А батальондық әскери техникамен толықты. 25744 әскери бөлімінің қызметшілері жетілдірілген жауынгерлік техниканы Маңғышлақ стансасында қабылдады. Онда аталған техникамен гвардия бөлімінің командирі, подполковник Мереке Кучекбаев бастаған 70-ке жуық әскери қызметшілер 40 шақырымдық жол жүріп келді. Техниканы қабылдау мен әскери бөлімге жеткізу шараларына Құрлық әскерлерінің өкілі – ҚК қару-жарақ басқармасы бас штабының бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдинов қатысты.
БТР-82А БТР-80 бронды транспортердің жетілдірілген түрі. Кешенді жұмыстардың жүргізілуі нәтижесінде техниканың 20 пайызы жетілдіріліп, қауіпсіздік жүйелері жаңартылды. Қорғаныс амалының арттыруылуы әскери көлік ішінде экипаждың ыңғайлы әрі қауіпсіз жұмыс етуіне әсер етті. Сөйтіп, бронетранспортердің атыс қуаты, жылдамдығы артқан соң, көліктің жолсыз жермен жүру қабілеті де жоғарылай түсті.
Енді қаңтардың 10-ына таман теңіз жаяу әскерлері жауынгер көліктерімен далалық жаттығулар ұйымдастырмақ. Ал ауа-райының қолайсыздығы Қазақстан армиясының сарбаздарын шыңдай түспек. Осылайша, жауынгерлік әзірлік жөніндегі барлық тапсырмаларды орындау және оны нығайта түсу мақсатында ел Қарулы Күштері жаңа әскери техникамен, қару-жарақпен қамтамасыз етіле бермек, деп хабарлады ҚМ баспасөз қызметі.
–––––––––––––
Сурет 25744 ә/б мұрағатынан алынды.
“Егемен Қазақстан”
Парақшамызға жазылыңыз