//

Алматы базары алты сағат жанып жатты

530 рет қаралды

ort Кеше түстен кейін (12.09.2013 ж) Алматы қаласының қара базарында өрт шықты. Өрттің өктемдігі сондай әп-сәтте қаланың солтүстігін қою қара түтін, қан қызыл от басты. Ауа райының желсіз болғаны өрттің өршуіне тосқауыл болған. Ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне түскі 1сағат 55 минутта оларға хабар келіп түскен. Өрт әуелі «Олжа» базарында басталып, одан «Аян» базарына басып кірген.

Өрт сөндіруге 26 арнайы техника, 134 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Және де республикалық құтқару қызметінің тік ұшағы көмекке келген. Тілсіз жау 2000 шаршы метр аумақты жалмап кеткен. Адам шығыны жоқ. Өрт кешкі 7 сағат 59 минутта өшірілді деп хабарлаған ТЖД.

Алайда дүние-мүліктері тұтастай жанып кеткен адамдар ғана емес былайғы куәгер бейтарап адамдардың өзі алты сағат бойы күйбеңдеп, түйтіктеп өртті сөндіріп, оның дамуын тоқтатуға әрекет жасай алмаған Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің іс-әрекетіне көңілдері толмайтындығын айтып  зар қақсауда.

Мінбер-ақпарат. Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,