//

Ресей әлем біріншілігінде Қазақстан және Швеция құрамаларынан сескенеді

1098 рет қаралды

Ресей құрамасы бендиден өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан, Швеция және Финляндия құрамаларынан сескенеді. Бұл Ресей бапкері Сергей Фирсовтың Алматыдағы баспасөз маслихатында айтқан сөзі.

«Команда алдындағы басты мақсат – әлем чемпионы атағын қорғау. Бірақ, айту бір бөлек, орындау оңай болмайын деп тұр. Швеция мен Финляндия сапында негізгі құрамның бірнеше ойыншылары болмайды. Алайда бұл олардың ойын өрнегіне еш әсер етпеуге тиіс. Қазақстан да бүгінгі таңда күшейіп алды», – деді Фирсов.

Жарыс қаңтардың 29-да басталады. Әлем чемпионатында бастапқыда ойлағандай 15 команда емес 14 ел қатысатын болды. Соңғы сәтте Моңғолия жарыстан бас тартты.

«Межеленген күнтізбе өзгеріссіз қала береді. Орталық стадионның қосалқы алаңында өтетін матчтарға кіру тегін болады. Ал «Медеу» мұз айдынындағы матчтардың билет құны 200 теңге, финалдық матчқа кіру – 500 теңге болмақ», – деп түсіндірді ұйымдастырушылардың бірі Султанбек Сыздыков.

29 қаңтар күні Қазақстан мен Норвегия жарыстың алғашқы ойынын өткізеді. Басталу уақыты Астана уақыты бойынша 20.00.

“Мінбер-Ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі