//

Финдерді тығырыққа тықтық

1303 рет қаралды

Қазақстан – Финляндия 10:4

Голдар: Андрей Мороков, 6. Вячеслав Маркин, 19. Александр Насонов, 29-пен. Евгений Шадрин, 31. Леонид Бедарев, 36. Вячеслав Бронников, 58-пен. Ескендір Нұғманов, 59. Евгений Шадрин, 60. Сергей Почкунов, 72. Рауан Исалиев, 78-пен — Mикко Райтконен, 22. Mиккo Луккарилла, 66-пен. Микко Луккарила, 71. Илари Мойсала, 87.

Қазақ – Орыс шайқасы 2 гол айырмасымен жеңілген болатын. Өкінішті-ақ, алғашқы боп гол соғып, бірнеше рет алға шығып тұрып есе жіберу қынжылтарлық жайт. Мұндай жеңіліс ойыншыларымыздың жүйкесіне ауыр соққы болады ма екен деп те шошып едік іштей, құдай оңдап жігіттеріміз оңалды. Хокккейшілеріміз құлазығанның орнына қасарыса керней түсіп «супер» матчын өткізді. Рауандай капитан бастаған топ суоми (Фин) өкілдерін аяусыз ойрандады. 90 минут ойыннан кейін «Медеу» таблосында 10:4 деген сандар жарқырап тұрды. Алты жыл күттірген айқын жеңіс

Қазақстан мен Финляндия арасындағы матчтар әрбір әлем біріншілігінде тартысты өтеді. Қос команданың үшінші орынға таласуы дәстүрге айналғандай. Матч алдында букмекерлер айқын фаворитті анықтай алмаған-тұғын. Алексей Никишовтың шәкірттері айдын иелері ретінде алғашқы боп «сәлем» берді. Бірінші гол ойынның 6 минутында соғылды. Жалпы, бірінші таймда хоккейшілеріміз қарсылыс қақпасын 5 рет жаншыды. Финдер болса бір доппен ғана жауап қайтара алды. Ең көркем голдың авторы атанған Евгений Шадриннің ойнын атап өткен жөн. Бұл ойында Женя жұлдыздай жарқырады.

Жаралы аңдай есеңгіреген финдер екінші таймда да жарытқан жоқ. «Қазақтар» қарсыластың алаңын иеленіп еркінси ойнақ салды. Тағы бес гол, барлығы – он! Ара-арасында қарымта шабуылдар ұйымдастырған  финдер екінші таймда үш гол соқты. Бірақ қарсыласы тым алысқа озды. Он гол – айқын нүкте. Жерлестерінің ойынына трибунада отырған жанкүйерлердің де көңілі тояттанып терең ләззатқа батқандай. Олардың «Жарайсыңдар» деп айқайлауы нақ соған дәлел.

Алексей Никишовтың командасы 3 рет жеңіп 2 рет жеңілді. Жартылай финалда Швециямен кездесу күтіп тұр.

Олжас Нұразхан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі