//

BlogCamp 2013: Шымқала төрінде

582 рет қаралды
5

Биылғы “Блог Құрылтай 2013” Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өтеді. Үшінші рет өткелі отырған қазақтілді блоггерлердің жиналысы ҚазНеттің елеулі шараларының біріне айналып үлгерді. Жаңа медиа төңірегінде жүрген мамандар мен ғаламторда өз блогтарын жаңадан бастап жүрген азаматтардың бас қосу, тәжірибе алмасу, ортақ, жаңа, қазақ жұртына пайдалы деген жобалардың тұсауын кесіп, дем беру мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан шара наурыздың 23-24 күндеріне жоспарланып отыр.

Данияр Алан“Блог Құрылтай 2013. Шымкент” шарасын үйлестіруші

Өткен Блог Құрылтайдан айырмашылығы негізгі бөлігі бейресми жағдайда өтетіндігі, Сэмп түрінде, еркін. Яғни Шымкент қаласынан елу шақырым жердегі “Бәйшешек” лагерінде өтеді, онда спорттық шаралар т.б бейресми пікірлерсулерге мүмкіндік жасалып отыр. Сондай-ақ, биыл Стартаптар конкурысына да жол ашылып отыр. Блогшылар өз жобаларына қаржылық және заттай көмектер ала алады. Айта кетер тағы бір ерекшелік, қолдаушылардың көптігі. Шараның жоғары деңгейде өтуіне Microsoft, Altel бастатқан компаниялар мен Шымкент қаласының әкімшілігі де үлкен қолдаулар мен демеушіліктер білдіретіндігін айтып отыр. 3-4 күн ішінде тіркелгендер саны 100-ден асты, жоспарымызда 200-250 адам қатысады деп ойлап отырмыз.

БлогҚұрылтай.kz арнайы уеб парақшасы: http://www.blogcamp.kz

Тіркелу парақшасы: www.blogcamp.kz/event/tirkelu

Ерекшеліктер:

  • Блог Құрылтай туралы байқауға қатысып планшет жеңіп алыңыз.
  • Стартаптарға мейілінше мол мүмкіндік беріліп отыр.
  • BlogCamp 2013 туит ілмегі: #blogcamp2013
  •  Блог Құрылтайға қатысушылар шақырылмайды. Тек құлақтандырылады.

Наурыздың 23-24 наурызында өтетін «Блогқұрылтай 2013. Шымкент» шарасының бағдарламасы:

БЛОГҚҰРЫЛТАЙ 2013
Бағдарлама

1-күн
(М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті.
2-мәжіліс залы)

9.00. – Тіркелу
10.00-10.30 – Ашылуы, пресс конференция
10.30-11.30 – 1-сессия
11.30-12.00 – кофе брейк
12.00-13.00 – 2-сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-15.30 – 3-сессия
15.30-16.00 – кофе брейк
16.30 – «Бәйшешек» лагеріне жиналу, автобустарға отыру.
18.00 – «Бәйшешек» лагеріне жайғасу.
19.00 – кешкі ас.
19.30 – 23.00 – еркін уақыт.

2-күн
«Бәйшешек» лагері
9.00-10.00 – таңғы ас
10.00-11.00 – 4-сессия
11.00-12.00 – көже брейк
12.00-13.00 – 5 сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-19.00 – еркін уақыт
17.30 – кофе брейк
18.00 — қорытындылау, марапаттау
19.00 – қалаға қайту

Ескерту: бағдарламаға біршама өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Неге сессиялар арасы 1 сағаттан? Оның екі себебі бар:
1) Адамдарды жалықтырмау.
2) Тәжірибе көрсеткендей адамдар іс-шаралардың бейресми бөліктерінде араласуы, танысуы, сөйлесуі жақсарады. Яғни, ынтымақтастық артады. Бағдарламадағы кофе-брейктердің уақыттарының ұзақтығы және жиілігі сондықтан.

Еркін уақыт дегеніміз не? Блогшылардың оффлайнда бір-бірімен жақынырақ танысуы, жақынырақ араласуы үшін сұхбат құруы, спорттық ойын түрлерін, жарыстар ұйымдастыру, тауға шығу т.б., яғни, ұйымдастырушылардың емес, блогшылардың өздерінің инициативаны өз қолдарына алып, өздеріне қызықты нәрселерді ұйымдастыруы.

Құрылтай 23-і күні басталатын болғандықтан, 22-ші наурыз не онан да ерте келетіндерге бір қонақүйді немесе пәтерді барынша арзан бағаға бронь жасап қоямыз (әлі нақтыланады). Бірақ, ол келушілердің өз қаржысымен жүргізіледі. Яғни, келушілердің өздері төлейді. Ол үшін алдын-ала 8 778 302 73 88 (Данияр) номеріне хабарласып, нақтыласаңыздар жеткілікті.

Мейіржан Әуелханұлы

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Қазақ интернетінің дамуына осы блогерлер жақсы үлес қосып жатыр. Істеріңе сәттілік! Естуімше шетелден де қазақтар келеді дейді. Мен осы азаматтармен жақсын танысқым келеді.

  2. Былтыр осы Блог Құрылтайдың арқасында біраз адам Астананы көрді ғой. Енді Шымкентті көруге, “Бәйшешекті” көруге барады ғой.

  3. Тамаша. Осылай дабыралы қылып өткізе беріңіздер, әр салада қазақ баласы жүргені әбзал.

  4. Демеушілердің ішінде Шымкент қаласының әкімдігі емес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі белнсепі тұр. Онсы ескеру керек. Асқар Мырзахметов: “Мен блоггерлерге қолдау жасаймын, мыналар Молдасейітовты жарнамалайды” деп өкпелеп жүрмесін

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі