/

«Ей, қазақ, сенде жерің жоқ» дегені

1210 рет қаралды
7

rinatАлматыда студенттер сарайында «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен Төле, Қазыбек және Әйтеке билерге арналған айтыс өтті.
Айтыскерлердің алғашқы жұбын бастаған Ринат Зайытов сахнаға шыққанда зал толы көрермен ұзақ уақыт қол шапалақтап, ысқырып, оған өзгеше ілтипат білдірді.

Араға екі жыл салып ақындар айтысына қайта оралған ол:

– Жыл салып Алматыға айтыс келді,
Бұзуға сайқалдықтың тыныштығын.
Апта сайын айтысар ек, амал бар ма,
Шындықты айту болып тұр қылмыс бүгін, – деді.

Ринат Зайытов Қазақстанның қазіргі гимні туралы айта келіп, Нұрлан Есенқұловқа:

– Сол әннің, білуші едім, қайырмасы
«Менің елім, менің жерім» деп басталарын.
Бүгінде «менің елім», «менің елім»
Дегенге түйіледі, рас, қабағым.
Әй, Нұрлан, білесің бе біздің көке
«Жерім» деген сөзді неге ап тастағанын, – деген сауал тастады. Қарсыласы бұған жауап бермеді, сонда Ринат Зайытовтың би деді:

– «Менің жерім» деген сөз әнұранда,
Қазақ үшін жанып тұрған от боп еді.
Сол сөзді бүгін алып тастағаны –
«Ей, қазақ, сенде жерің жоқ» дегені.

*******************************

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәтіні:
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарас қан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Шынында менің жерім қайда кеткен?

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. “Менің жерім” деген тіркесті қайт ақосу керек, онсыз әннің мәтіні әлсіреп тұр.

  2. Ринаттың өлеңдеріндегі
    “тыныштығын” мен “қылмыс бүгін” деген ұйқаспайды ғой. Дәлел:
    Ты-ныш-ты-ғын.
    Қыл-мыс бү-гін.
    ты – ашық буын. қыл-бітеу буын. Ұйқас дегеннің әр буыны бірдей болуы керек: ашық болса, ашық, бітеу болса, бітеу, тұйық болса, тұйық. Осындай нәрселерді жіті қадағалап отыратын ақындарда ғана шеберлік болады. Шеберлігі жоқ ақындардың, ақындық қуаты әлсіз болады.Мұны сөзден, өлеңнен хабары бар жандар түсінеді. мақұрымдар түсінбейді.

    • айтысты дұрыстап тыңдасаң ондай ұйқастар өте көөөөөөөөөөөп! оны сен сияқты надан, топастар түсінбейді!
      Ты-ныш-ты-ғын.
      Қыл-мыс бү-гін.
      деген екі сөзді тыңдасаң қатты бір біріне ұқсап, ұйқасып тұр.

  3. Мықты болсаң шықсаңшы. Үкіметтке қарсы сөз айтып көрсеңші. Компьютердің алдына отырып алып мықтысын қарашы. Суырып салма да ондай ондай болады

  4. Мырзатай Жолдасбеков бірде
    -Соавторлыққа ой салған өзіімз.Айтып жүріп Жұмекеннің сөзін Несіппекке түзеткізіп бердім.Несіппек, ана поэмасы бар,(“Байтерек” деген НӘН-ге арналған)осы еңбегі бар Мемлекеттік сыйлық алады-,депті.
    Біріақ ол жылы алмады.Келесі жылы алды.”Шапырашты Қарасай батыр”,”Шапырашты Науырызбай батыр” деген тағы екі поэма жазып.Шапыраштылар оған джип те мінгізді. Бірақ соларды оқыдым деген адам көрсемші,Ал Қабдеш Жұмаділов ағатайымыз
    -Науырызбай деген батыр болмаған.Ол менің кітәбімді шығару үшін ойдан шығарған кейіпкерім-, деп табандап отыр.
    Өз басым Қабдеш ағатайға сенемін.
    Несіппек сыйлыққа алған Қаржысын Мырзатайға ұстатқан сыңайлы.

  5. Несіпбектің “”Наурызбай батыры” енді түкке тұрғысыз бір нәрсе

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері