//

«Апта сайын ән салам» деп…

713 рет қаралды
7

aa1Алматы қаласының батыс тұсы, Сайын және Райымбек көшелерінің қиылысында орналасқан «Прайм плаза» деп аталатын ойын-сауда орталығының төңірегінде болған оқыс оқиға интернеттің әлеуметтік желілерінде үздіксіз талқыланып жатыр. Жоспар бойынша, ойын-сауық кешенінде “Запой по пятницам” атты Қайрат Нұртастың қатысуымен караоке концерті өтуі тиіс болған.(Концертке жиналған көрермен)

Жастар арасында бірталай танымал болып үлгірген Қайрат Нұртас деген әнші тегін концерт береді деген құлақтандыруды естіген жастар «Прайм плаза»-ның алаңқайшығына күн бата үздік-создық жинала бастаған. Bнтернеттегі  суреттерге қарағанда, көрермендер алаңға лық толып, сыймай кеткен. Тәртіп сақшыларының «кешігіп келгендерді» қоршаудан ішке өткізбеуге тырысқаны байқалады. Алайда ентелеген бойжеткендер мен бозбалалардың қоршауды бұзып ішке енгені де бейне бақылауға анық жазылған.

Әп-әдемі, көңілді басталған кештің шырқын бұзған әнші Қайраттың өзі деп жазады Айнура атты куәгер. Оның айтуынша, Қайрат бір әнді шала-пұла айта салып, сахнаны тастап кетіп қалған. Ал жастар болса Қайратттың бұ оғаш қылығына наразы болып, тәртіпсіздікке барған. Маңайындағы заттарды ұрып соғып талқандап, тас лақтырған.

Келесі бір жазарман, Қайрат Нұртас жиналған халықты адам құрлы көрмей «оларға жең ішінен қол шығарып кетті, халықты менсінбеді, содан осындай жағдай туындады» деп жазған.

Үшінші біреу «фейсбукте»  Қайрат бір ән ғана орындап кетіп қалған. Ал жиналған халық Қайраттың сахнаға қайта шығуын талап етіп шулаған. Қайрат машинасына отырып халықты шулатып тастап кетіп қалған. Осығұрлым қалың жиылған елді көзге ілмей кетіп қалған Қайратқа ыза болған жастар «Сенің бір әнің үшін түн ішінде бар уақытымызды сарп етіп келдік пе?» деп, есесіне сол маңдағы заттарды, сахнаны қирата бастаған.aa

“Осы уақытта көше толы тәртіп сақшылары, “Прайм” жақ көк түтін. Бірнеше мәрте оқ атылды” деп жазады Рашид Білжанов.

Тәртіпсіздік салдарынан біраз адамның басы жарылып түрлі жарақаттар алып, медициналық көмек алған.  Қоршаулар қирап, әйнек терезелері сынған. Бір көрерменнің машинасын өртеп жіберген.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов оқиға орнына келіп «бұл жағдайдың егжей-тегжейлі тексерілетіндігін, әлі қорытынды шығару ерте екенін және «Прайм плаза» ойын-сауда орталығының басшылары бұл шараны ешкімнен рұхсат алмай ұйымдастырғаны үшін де жауапқа тартылатындығын» айтқан.

Тәртіп сақшылары көмекші күштер арқылы жастардың өрекпуін басқан. Тәртіпсіздікке қатысқан екі жүзге жуық адам қамауға алынған (http://news.yandex.kz/yandsearch?cl4url=www.rosinfonet.ru%)). Олардың саны әлі нақты белгісіз.

Осы оқиға бойынша Алматы қалалық ішкі істер департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 257-басбұзарлық бабы бойынша іс қозғаған.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Олай деме, Халық атын жамылған қу, ақшасын бермей қойған ұйымдастырушыларды ай саңшы! Ол сонымен күніні көріп жүр емес пе!

  2. Нұртас өткенде бүкіл Семей халқын көзге ілмей, тап осылай кетіп қалған. Ендігісі мынау. Бала асып барады. Бір әні әне жерді сүртуге келмейтін неме халықтан жоғары қояды өзін. Нұртас, халықтың қарғысына қалып жүрме!

  3. Бір-ақ күнде атағы алты алашқа жайылған Прайм-Плазаның қожайыны белгілі саяси мемлекет қайраткері Сауат Мыңбаев екен. Айтайын дегенім осы Мыңбаев пен қала әкімі Есімовке құлаққағыс: Алматының солтүстік батысындағы халық жиналатын, демалатын орын – әзірге жалғыз осы ара. Сондықтан Прайм Плазаның алдындағы кеңес заманынан қалған автотұрақтарды тегіс сыпырып алып тастап, оның орнына халық серуендейтін әдемі саябақ пен кең алаң жасау қажет. Оған бос жатқан орын (босқа қоқысқа толып жатыр) молынан жетеді. Алматының солтүстік батысқа қарай өсіп бара жатқанын ескеру керек!

  4. орысша сұраққа тек қазақша жауап беріп отырып алғанына риза болғаным сонша, осыдан былай Қайраттың әнін ғана тыңдауға бет бұрдым!

  5. Қайраттың нағыз қазақтың ұлы екеніне біз де бір сөзі үшін-ақ риза болдық. Бар қатеңді кешірдік, егер ол болса, осы бетіңнен тайма, Қайрат!

  6. Ықтай жалдап өиәр сүргенің дұрыс, балам, күштінің к… диірмен тартқан заман. бірақ алған бетіңнен қайтпа! Сағың сынбасын!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі