//

Тіл мәселесі түрткі болды

949 рет қаралды
5

Тіл мәселесі, соның ішінде мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі мәселесі соңғы күндерде «Қалыбайдың» (Жарылқап Қалыбай) қамалуына байланысты қоғамдық ортада, ғаламтордың әлеуметтік желілерінде, жергілікті баспасөздерде аса қызу талқыланып жатыр. Кім не деп жатыр, қоғадық көзқарас қалай бағыт алуда, бұған мемлекеттік өкілетті органдар не деп жауап беруде деген сұрақтарға жауапты төменде ұсынып отырған үзінділерден табасыз. Сіз қалай ойлайсыз?

Серикзат Дуйсенгазин:

ерікзатБір нәрсеге қайран қалып отырмын. Жарылқап Қалыбай ұшақтың ішінде виски ішті деген ақпаратқа сенгім келмейді. Өз басым талай шетелдік рейспен де, еліміздің ішінде де ұшаққа отырдым. Әуежайдың қырағы бақылаушылары жолаушымен бірге сұйық зат өткізбейтін еді ғой. Егер қолыңыздағы жол сөмкеңізде сұйық зат болса (әтір, су, т.б.) бірден жүк бөліміне өткізуіңізді талап етеді. Олай болмаған жағдайда сұйық заттарыңызды алып қалады. Ал мына СКАТ ұшағындағы “не деген батпан құйрық” деймін де….. 

Есенгүл Кәпқызы:
tctyu8kКейбір комменттерді оқып отырсам, “Атазаңымызға қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жазу керек” деген пікірлер кездесті. Соған орай, айтарым: Ата заңымызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деген арнайы бап бар. Тілдің көсегесін көгертпей тұрған одан кейінгі тұрған 7-бап. Онда былай делінген: Орыс тілі – мемлекеттік мекемелерде және басқа да ұйымдарда қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады. Осы бапты көлденең тартатындар, 14 бапты қосып алады да, тіліне қарай кемсітушілік орын алды дейді, одан қалса, Қылмыстық кодекстегі ұлтараздығын қоздыру деген бапты алға тартады. Заңдарымыздың бәрі біріне-бірі қайшы. Осы 7-бапты алып тастау жөнінде қаншама мәселе көтерілді. Амал не? Осыдан 1-2 жыл бұрын 136-ның хаты деген болған. Бірақ, ресми билік қоғамды пікірде орыстілділерге қазақтілділерге жығып берді де, бұл әңгіме жылы жабылды.
Ақберен Елгезек:
акберенАбақтыға арнайы келіп, әріптеске қолдау көрсеткен журналистер арасында цензураны көлденең тартқандары да болды. Мәселен, кейбір тележурналистер: “Эфирге шығара ма, жоқ па, бәрі басшылардың қолында ғой” деп ақталды. 

Алайда, ең бастысы, Қазақстанның МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІН менсінгісі келмеген СКАТ пен СКАТ-тың сойылын соққандардың заңсыздығы. 

Сорақысы сол, осы оқиғаға қатысты прокурор Ж.Қалыбайды 5 күн қамауда ұстауды сұраса, “жеңілдік” жасаған судья Тұрғынбаев 3 күн абақтыда отырғызуға шешім шығарыпты. Бұған дейін бірде бір әкімшілік жазаға тартылмаған, бұзақылық не қылмыс жасамаған азаматқа айыппұлмен шектелуге болар еді ғой.

Өміржан Әбдіхалықұлы:
өміржан“Менің қолымдағы арқан – наданның жүрегіндегі кісен. Аша алмайсың, әуре болма, Жұбай!” дейді ғой Біржан, кинода (Таласбек Әсемқұлов). Сол сияқты “Жарылғап мас болыпты. Кінә өзінен екен ғой” дескендермен де әуре болмайық.
“Әй Нұржан, сен айтты екен деп Біржанның алтын басын қор қыла алмаймын” дегендей бір-екі боқтышақ айтты екен деп анамыздың тілін қорлатып, азаматымызға сөз келтіріп отыра алмаймыз ғой. Екі-үш күннен бергі іс пен сөздің бәрі сол үшін.
“Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның”. Ондай надандар әр қоғамда бар.
Күресімізді жалғастыра берейік, қолымыздан келгенін аянып қалмайық. Өз мүмкіндігіміздің шеңберінде. Бір-екі жаманның сөзіне бола, ұнжырғамыз түсіп, жігеріміз жасымасын.
Біз жеңеміз! Өйткені, біз жеңіске лайықпыз! Осы күнге даңқты жеңістеріміздің арқасында жеттік емес пе?! (Пафос деп қабылдасыңыз еркіңіз) Өтірік пе?
Дайындаған Қарамер
Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Қасым Аманжолұлы
    “Ойбай масқара болыппыз, Жарылқап ішіп алған екен” деп гуілдеп жатыр біраз ағайын. “Жарылқапты қолдадық, Саят Ыбырайды қолдамадық, Қайрат Нұртасқа жан бердік, Сембинді ұмыттық” деп “параллель” жасады құрметтейтін Жұлдыз Әбділда қарындасым. “Қазақтар неге даурықты” деп мазақтады Ермек Болтай деген жігіт. Осы ретте “даурыққан қазақтың” бірі ретінде өз уәжімді айтайын:
    1. Жарылқап Қалыбай ішіп алып тәртіпсіздік жасаған болса да оны СКАТтың талауына салғызуға болмайды. Шу тілден басталғаны анық. Ендеше, сот оны қаматып тастауы тым қатаң жаза. Ең болмағанда айыппұл, әйтпесе, ескертумен тоқтатуы тиіс еді дауды.
    2. Жарылқап та Қайрат Нұртас та Саят Ыбырай, Сембиндер тәрізді қазақтың баласы. Өз оқырман-тыңдарманы бар. Оларға менсінбей қарау, қисынсыз салыстыру жасап, қарама қарсы қою жөн емес.
    3. Жарылқапқа ара түсіп жүргендердің басым көпшілігі дәл мен сияқты онымен таныстығы шамалы, араластығы жоқ жандар. Мұхтар Тайжан, Айдос Сарым, Қалила Омар, Нұрлан Албан т,б. Бұларға Жарылқап деген адамның аты-жөн фамилиясы маңызды емес, СКАТ сияқтылардың, олардың малайы болған соттардың төбемізге секіргені батып тұр.

  2. Жарылқап кінәлі екенін мойындады. Неменеге сонша күшенесіңдер!
    Қай ұлттың азаматы болмасын бәрі күнәға кіреді не қылмыс жасайды. Енді тек тіл мәселесіне жармасудың қажеті жоқ. Тілді қорлау осы!

  3. ҚАЛБАЙ әулеті ,Сіздер тек шағын жанұяларыңызды ғана емес , тұтас Қазақ елінің намысын қорғап жатырсыздар . нағыз халық жазыушысы деген атаққа мемілекеттік тілімізді аспанда тұрып қорғаған азаматымыз сен ылайықсың Артыңда ұлтын сүйген қалың елің ҚАЗАҒЫҢ тұр . Қалбай баласы ұлт намысын қорғадың . Халқың сені қолдады . Ал ұрттап қойсаң , ол рас болса, Жақа сені өзіміз – достарың орнымен сабап аламыз . Ал ресейден үйренген ашты – су ішкен азапты жылдарымыз үшін қайдағы бір скат деген ебелектерге ана тілімізді қорлату сипатымен ақы төлеуге қақылы емеспіз . Ресей біз түгіл өз халқына өнеге болыудан қалғаны қай заман. Енді мена заманда бізде ” Ей сорлы мен саған бұл сөзді қасиетті ҚАЗАҚ тілінде сөйлеп тұрмынғой , неге ұқпайсың ” десек олда біздің орысатан 70 жыл үйренген бір “патриоттық” өнегеміз осы болсында; Міне кезек екі тәңір бір алдыңа өз азабыңы сан клтіреміз қорсылдақ тарпылдақовичтар . Ал мұндай қарапайым қағыйданы Жарылғап қана толық бір мәрте аспанда тұрып орындаған екен. Ж Қалбайға ұлт атынан астына ТҰЛПАР , арқасына қастері “Абылай шапан” жапқымыз келеді . – Уа ЖАҚА шарықта шыңға қазақтың асқақ үнімен. Бұл да бір ұлтын сүйген дұбір екен ! !!

  4. Қасым Аманжолұлы Сіз Жарылқап Қалыбайды,Қайрат Нұртасты,Саятты қолдап отырсыз. Ал бәріміз қазақ қазақ деп қазақ тілін қолдайық.Ал қазақы мінез осы үшеуінің қайсысында бар?Жарылқап ағамыздың кезінде аңыз адамы дүркіреп шыққанда біраз жұлдыз ұстап қалғаны бар.Екінші нөмірге Мухаммед пайғамбарымызды шығарып сол жерде дұрыс жазбай діни -басқармамен біраз шоқпарласты.Біз: мен,менің әпкем,жездем іні-қарындастарым,әйелім бәріміз сол кісінің өтпей қалған журналдарын бес бестен жинап жіпке өткіздік.Сонда сол кісі әр журналға он теңгеден төлеймін деп,кейін қаншама адамның еңбегін жеп,сөзінен секіріп,ақшаны төлемей,қойманың кілтін ауыстырып қашқаны қазақтың қылығына жатады ма?Сол кісіні ақтамай-ақ қойыңыздаршы.Ұшақта ішіп алып сондай істеуі әбден мүмкін ол кісінің. Әжем сондай үлкен бола тура қарапайым нәрселерге миы жетпейтын адамдарды пәтуасыз деп айтып отырушы еді,Ал Саят Ыбырай? Сөз жоқ білімді кісі.Политехта физикадан оған жететін мұғалім болмаған.Ал Исматуллаға қосылып талай жастың қолдарын темір батареяға байлап зікіршілердың қасына қосып жібергені Қазақшылық па?Яссауи деген топтар Республика алаңының төрінде дүңк дүңк етіп зікір салғанда атқа мінердің бәрі барып көрді.Білімсіздіктің арқасында.Ал Саят ағамыз бүкіл қазақ газет журналдарында зікіршілерді мақтап жазды. Ана Светқали деген ағамыз Атыраудан әлі күнге дейін Исматуллаға поэмалар жазып қолдап жүр.Сол кружокка ағаларымызды кіргізіп Шерхан Мұртаза,Мекемтас Мырзахмет сынды ағаларымыз Патшаға Исматулланы босату жөнінде хат жолдап жүр.Ал Қайрат Нұртас сөзі мағынасыз әнмен зомби жастардың санасын улап жүр.Ауырмайды жүрек ауырмайды сенсіз өткен түндер болмаса деген әндер қазіргі қазаққа ауадай қажет пе сонда???

  5. Жігер, айтып отырғандарыңның жаны бар. Бірақ, қазақта … біра аяғы сегіз, бір ая,ы тоғыз деген сөзді еске алсақ. осылардың кейбір оңды ісінің қазаққа пайдасы тиіп кетеді. Егер Қалыбай қамаламаса бүгін бүкіл ұшақтардағы қызметті жақсарту, олардың қызметкерлерінің мем.тілід білу, білмеуі жөнінде тапсырма үкіметтен берілер ме еді. ақ пен қара тең жүретін нәрсе ғой.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі