/

Асхат Еркімбайдың шеберлік сыныбы

679 рет қаралды
1

Алматы облысы, Қаскелең қаласында бас оқу ғимараты орналасқан Сүлеймен Демирел университетінің Филология және педеагогикалық ғылымдар факультетінің филология және журналистика кафедрасының журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан ІІ курс студенттері екі сағат бойы белгілі журналист, ІТ маманы, жақында ғана өткізілген “Интернет дода” ұлттық интернет сайысында “ІТ тұлғасы” атағын жеңіп алған Асхат Еркімбайдың шеберлік сыныбынан дәріс алуға мүмкіндік алды. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жанынан құрылған “Жаңа медиа технологияларын зерттеу” орталығының жетекшісі Асхат болашақ журналистерге “Жаңа медиа арқылы өміріңді қалай өзгертуге болады? “, “Интернет журналистикасындағы ерекшеліктер”, “Конвергенция дегеніміз не?”, “Фото және видеоға түсірудің ерекшеліктері” тақырыбында лекция оқып, тәжірибелік сабақ өткізді. Студенттер өздеріне әлі де болса бейтаныс жаңа медиа әлемімен танысып, онымен қалай жұмыс істеуге болатындығының қыр-сырына бойлады. Ал СДУ Филология және педагогикалық ғылымдар факультетінің әкімшілігі Асхат Еркімбайға алғысын білдіруді ұмытпады.

“Мінбер-ақпарат”

1512707_10201166725073478_2117059741_n 1506814_10201166725793496_1214874995_n 1479430_10201166728673568_941426374_n

1470374_10201166726233507_504485723_n 1476549_10201166729233582_2020519969_n 1472913_10201166726633517_1551247709_n 1471148_10201166725393486_2025934022_n

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Асхат Еркімбай ағамызға үлкен рахмет айтамыз! Мастер-класс керемет деңгейде өтті! Ал, жетекшіміз Есенгүл Кәпқызына алғысымыз шексіз!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі