//

«Қазақстан медиасының негізгі принциптері» атты құжат дайын болды

1609 рет қаралды
фото: www.mediaprinciples.kz

18 қарашада білікті медиа мамандардың қатысуымен «Қазақстан медиасының негізгі принциптері» атты құжат талқыланып, қабылдауға жіберілді. Ақпараттың тоқтаусыз нөпірі оның оңды-солды таралуына  жол беріп қана қоймай, ешқандай принципке негізделмей жүгенсіз кетіп бара жатқанын анық көрсетіп тұр. Бұл жалпы журналистика саласы үшін ғана емес, қоғамдағы қарапайым этиканың сақталмауына ұрындыратын қауіпті құбылыс.

Осыны ескерген қазақстандық барқатар медиа мамандар осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан медиасының негізгі принциптерін белгілеп, осы аттас   құжатты қабылдауға бел буған. Қазақстандағы түрлі медиа өкілдерінің және журналист мамандарды даярлайтын оқу орындарының оқытушыларының қатысуымен бірнеше рет талқыланған құжат тоғыз тараудан тұрады. Ол     әлемде қабылданған және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы журналистік этика кодексінде бекітілген этикалық стандарттарға негізделіп әзірленген. Медианың, редакциялардың, журналистердің, блогерлердің және редакция ұжымдарының басқа да мүшелерінің ақпаратты іздеу, тарату және түсініктеме беру, оқиғаларды сипаттау және мәселелерді жариялау бойынша жұмыстары кезіндегі кәсіби мінез-құлқының негізгі принциптерін бекітетін құжат алдағы уақытта Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарына, журналистер дайындайтын оқу орындарына таратылып, таныстырылады.

Жоба модераторы Бақытгүл Бурбаеваның айтуынша Қырғызстан өзін-өзі реттеу қоғамдық органын осыдан он үш жыл бұрын құрып алған екен.  Қазақстан медиасының негізгі принциптерін жазуда мамандар әлемдегі көп елдің медиа қағидаттарын зерттеген.

Ескере кететін жайт бұл құжат заң актісі емес, ол –  Қазақстандық медианың өз жұмысын өзі реттеуге бағытталған принциптері. Ел ішіндегі БАҚ-ы бұл құжатты қабылдауға да қабылдамауға да хақы бар.Бұл құжатпен тереңірек танысу үшін мына  жерден танысуға болады.

.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері