/

Мектеп асханасында 0,5 литр су 300 теңге тұра ма? БЖҒ Министрі мектеп асханасындағы мәселелерге тоқталды

177 рет қаралды
chkalov.mahambet-bb.kz
https://chkalov.mahambet-bb.kz/

Мектеп асханаларының жұмысы мен асханалардағы проблемаларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көтерді.

“Өңірлерге жиі шығып, ауыл мектептерін де, қала мектептерін де аралау мен үшін маңызды. Мұғалімдермен, оқушылармен және ата-аналармен кездесулер министрлік қабылдаған шешімдердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Министрліктің мектептер, колледждер және балабақшаларды басқару бөлігінде құзыреті жоқ екені құпия емес. Оларды қаржыландыру, жұмысын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру, басшыларды тағайындау және босату сияқты жұмыстың барлығы заңмен әкімдіктерге бекітілген. Сондықтан бақылауда ұстап отырудың маңыздылығы жоғары.” деп бастады жазбасын министр.

Аймағамбетов өңірлердегі мектептерді аралағанда  түртіп қойған өзекті мәселелердің бірі – мектеп асханаларының жұмысы екенін атап  өтті.  Бұл бағытта бақылауға алынатын және нормативтік құқықтық актілер деңгейінде шешілетін бірнеше проблемаға жеке тоқталды.

“1. Осыған дейін асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу талабын бекіттік. Мұның бірнеше артықшылығы бар. Бұл гигиенаның сақталуына әрі кезектің тез жылжуына көмектеседі. Сондай-ақ балаларда қолма-қол ақшаның болмауы оларды қауіптерден сақтайды. Ата-аналарға да шығындарды бақылау оңайырақ болады. Бірақ көбінесе қолма-қол ақшасыз төлем жүйелері өшіріліп, пайдаланылмайды.

2. Буфет өнімдерінің құны. Мектеп асханасында 0,5 литр су 300 теңгеден немесе бәліштер мен тоқаштардың дүкендердегі бағадан жоғары бағада сатылатыны сұрақ туындатады. Бір қалада бірдей өнім бағасында 50-70%-ға дейін айырмашылық болуы мүмкін.

3. Кейбір өңірлер асханаларды МЖӘ (Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) арқылы жеке кәсіпкерлерге беріп жүр. Біз МЖӘ-нің дамуын қолдаймыз. Бірақ кейде бұл конкурсты өткізбеу үшін және асхананы кәсіпкерге тікелей (10-15 жылға) беру үшін жасалады.

Біріншіден, біз конкурссыз Жеке қаржылық бастама (ЖҚБ) бойынша емес, конкурс өткізілу керек деп санаймыз. Екіншіден, салым сомасы аз мөлшерде, мысалы, 5-7 млн теңге емес, тиісті көлемде болуы маңызды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын есте сақтап, бұл қаражаттар тоңазытқыштар, плиталар, үстелдер мен орындықтарды сатып алуға жұмсалатынын түсіну маңызды. Яғни, сайып келгенде кәсіпкер өз жұмысына қаражат салады. Үшіншіден, біз жұмыстың ақылға қонымды мерзімдерін белгілегенді қолдаймыз.Асхананы 15-20 жылға келісімшарт жасау сұрақ туғызады.

4. Мектеп асханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тыйым салынған өнімдерді сату (мысалы, фастфуд, газдалған сусындар, чипсы және т.б.). Министрліктің қызметкерлері бірнеше облысқа барып, бірқатар мектепте осындай фактілерді анықтады. Әсіресе Түркістан облысында. Мұндай фактілер анықталған жағдайда дереу СЭС органдарына хабарласу қажет.” деді Аймағамбетов.

Министр сөзін төмендегідей қорытындылады.

“Министрлікте осы проблемаларды нормативтік деңгейде шешу үшін жұмыс тобы құрылды. Біз заңнамаға бірқатар толықтыру енгізуге бастама жасадық, олардың шеңберінде арнайы нормалар бекітіледі. Бұл нормалар – асханалардағы буфет өнімдерінің бағасын реттеу, ашық конкурстар және ақылға қонымды кезеңге МЖӘ арқылы асханаларды беру, қолма-қол ақшасыз төлемді және тамақтанудың тиісті сапасын қамтамасыз ету. Біз кәсіпкерлердің мүдделерімен де санасу керегін түсінеміз, бірақ біз үшін балалар әрқашан бірінші орында. Демек, бұл олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды білдіреді.” деді.

Министрлік аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Күршімдегі жағдай қайталанбасына кім кепіл? Бірқабатты Шығыс бағдарламасымен салынған үйлер газ пешінің қауіпсіздік ережесіне сай екендігіне сенбейді

Зайсанда 2019 жылы «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен қолданысқа берілген үйлердің тұрғындары шағымдарын жеткізді. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен бұл