/

Таулы аймақта жоғалған баланы алты сағат іздеген-Алматы облысы

931 рет қаралды

Алматы облысының тауларында жоғалған төрт жасар бала алты сағаттан кейін табылған. Бұл туралы Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі ресми ақпарат берді:

“2022 жылғы 16 мамыр күні сағат 20:30-да Алматы облысы ТЖД Кербұлақ ауданы Доланалы ауылының маңында 2018 жылы туған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Ата-аналардың мәліметтері бойынша, түскі уақыт шамасында олар төрт жасар баламен бірге таулы аймаққа саңырауқұлақ теруге шыққан, бір сәтте ата-аналар көліктің жанында ойнап жүрген баланың жоқ екенін байқаған. Үш сағатқа жуық ата-аналар баланы өз бетінше іздестірген, содан кейін ТЖД-нен көмек сұрады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы облысының ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындар, саны 100-ден астам азаматтар және 1 іздестіру иті дереу кірісті.
Іздеу нәтижесінде сағат 23:30-да бала жоғалған жерден 3 км қашықтықта табылды және дәрігерлердің тексерісінен кейін ата-аналарына тапсырылды. Қазіргі уақытта баланың денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді.” делінген ресми ақпаратта.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері