//

Қазақстан өз халқын азық-түлікпен қамтамасыз ете ала ма?

1055 рет қаралды

Қазақстан өз халқын азық-түлікпен қаншалықты қамтамасыз ете алады? Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдердің арасында Қазақстан өзін-өзі азық-түлікпен қамтуда үшінші орында тұр екен.

Бұл туралы  Еуразиялық Экономикалық одақтың ресми өкілі Ия Малкина бүгінгі, яғни 26 мамырдағы брифингте хабарлаған.

“Беларусьтың өзін-өзі азық-түлікпен қамту мүмкіндігі 94%, Ресей Федерациясы – 90%, Қазақстан –  83%, Қырғызстан – 81%, ал Армения – 73%” деген ол.

Оның айтуынша жалпы Еуразиялық Экономикалық одақ елдерінің өзін-өзі азық-түлікпен қамту мүмкіндігі 93%.

“Қорыта айтқанда,  Еуразиялық Экономикалық одақтың азық-түлік қоры мол, сарапшылардың пікірінше, ішкі нарықты кез келген апаттан қорғаудың мүмкіндігі жоғары. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында ауылшаруашылығы өнімін өндіру былтырғы жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 1,5% өскен”, –  дейді ол.

.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар