//

Кезектен тыс Президент сайлауының уақыты белгілі болды

1131 рет қаралды

Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы қаулыға қол қойылғаны туралы хабарлады.

Қаулыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалатыны жазылған.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету жүктелген.

Ал 22 қыркүйекте Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Бас прокуратураның, ақпарат және қоғамдық даму және ішкі істер министрліктерінің өкілдері, бейнеконференцбайланыс режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты, – деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясы.

Отырыста сөз алған Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Петров сайлаудың күнтізбелік жоспарын ұсынды.

Жоспар бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды ұсыну биыл 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан сағат 18.00-де аяқталатыны белгілі болды.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар