//

Мәжіліс тарады. Кезектен тыс Парламент сайлауы 19 наурызда өтеді

1353 рет қаралды

19 қаңтарда мемлекет басшысы ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайтында жарияланды.

 Жарияланған жарлықтарда Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалсын деп қаулы еткен.

Құжатта сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру, ал ҚР Үкіметі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдау жүктелген.

Дереккөз: parlam.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері