///

2023 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1233 рет қаралды
фото: qandastar.kz

2023 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақтар тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50,0%) Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ботайдың боз айғырының оралуы

Сүйінші, ағайын!!! Солтүстік Қазақстан облысында керемет бір жоба іске асты. Біздің көшпелі бабаларымыздың адамзат өркениетіне қосылған