//

Бұрынғы шенеунік Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

667 рет қаралды

Бұрын түрлі жоғары лауазымды қызметтер атқарған Бердібек Сапарбаев 71 жасында қайтыс болды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Кейінгі кезде ол QazBioPharm ұлттық биофармацевтика холдингінің директорлар кеңесіне жетекшілік еткен.

Оған дейін Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болған. Бұл қызметінен Қаңтар оқиғасынан кейін үш айдан соң кетті.

Былтыр жыл басында болған жаппай наразылықтың соңы кейбір қалаларда тәртіпсіздікке ұласып, күштік құрылымдар оқ атқан. Ресми мәлімет бойынша, кемінде 238 адам қаза болған, 15-і Таразда опат болды.

Бердібек Сапарбаев жылдар бойы үкімет пен аймақ әкімдіктерінде басшылық қызметтер атқарған. Екі рет – 2014-2015 және 2019-2020 жылдары вице-премьер болды. Еңбек ж

әне халықты әлеуметтік қорғау министрлігін де екі рет басқарған (2007-2009 және 2019 жылы бірнеше ай). Әр жылдары бес облысқа жетекшілік еткен: Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан облысы), Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстары.

Сапарбаев ескі гвардиядағы шенеуніктер қатарына жатқызылған. Мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам еңбек еткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері