//

Хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапты

664 рет қаралды
Сурет авторы: Ертай Сарбасов

Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдай қызметі хабарлады.

30 қарашада таңғы сағат 5:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шықты. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 7 минут ішінде келіп жеткен. Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, қаза тапқандар 13 адамның 11-і қазақстандық, біреуі Өзбекстан азаматы, тағы біреуі Ресейдің Саха республикасынан келген. Қаза тапқандар арасында қарттар мен балалар жоқ. Жергілікті билік өрт шыққан хостелдің Халық банкте кепілде тұрғанын айтты.

Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Өртенген ғимараттағы адамдар газдан уланып қайтыс болған болуы мүмкін деген болжам бар. Әзірге белгілі ақпаратқа қарағанда, өрт шыққан хостелде барлығы 72 адам болған. Өрт басталғанда 59 адам далаға шығып үлгерген. Алматы қаласының төтенше жағдай жөніндегі департаменті Қылмыстық кодекстің “Өрт қауіпсіздігі талабын бұзу” деп аталатын 292-бабы бойынша іс тіркеді. Қала әкімінің айтуынша, хостел заңға қайшы жұмыс істеген.

Сурет Azattyq сайтынан алынды

Алмалы ауданы әкімдігінің өкілі Айдар Жақыбаев сөзінше, өрт шыққан хостелде болғандардың көбі студенттер болған. Олардың арасында медицина университетінде оқитын Үндістан, Пәкістан азаматтары болған.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар