//

Марқұм Айкөркемнің әкесі сот үкімімен келіспейді

575 рет қаралды
Сурет Qamshy.kz сайтынан алынды.

Қаңтарда оққа ұшқан бүлдіршін Айкөркемнің ісіне қатысты сот 15 қарашада үкім шығарды. Сот шешімі осыған дейін айыпты деп танылған әскери қызметкерді ақтап шықты.

Қанды Қаңтар кезінде оққа ұшқандардың бірі 4 жасар бүлдіршін Айкөркем Мелдехан. 2022 жылдың 7 қаңтар күні бүлдіршін әскериге тиесілі автомат оғынан қаза тапқан еді. Бүлдіршінге оқ атты деген күдікке ілінген әскери кейіннен қамауға алынған еді. Алайда 15 қараша күні сот үкімімен ақталып шықты. Себебі белгісіз. Бүлдіршіннің отбасы болса, бұл үкімді ауыр қабылдады. Әкесі үкімнің үстінен шағым түсірмек.

Сот істі жабық қарады. Жиналғандарды үкімді тыңдауға кіргізбеген. Сот залында тек марқұм бүлдіршіннің әкесі мен ағасы, күдікті деп танылған әскери мен екі жақтың адвокаттары ғана болған.

– Оқ бар, автомат бар, адам бар. Қалай қылмыс жоқ? 2022 жылдың қаңтарында қызымды бір атып өлтірді, кеше әруағын екінші рет атып өлтірді. Міне біздің жаңа Қазақстан,-деп марқұм бүлдіршіннің әкесі ренішін білдірді.

Екі жылға жуық уақыт бойы Айкөркемнің ісімен әкесі және ағасы жүгіріп жүрді. Сот үкімі бүлдіршіннің отбасына ауыр тиді. Олар шешім шығарған сот өкілін әділетсіз деп айыптайды.

Марқұм Айкөркем тірі кезінде барған балабақшада анасы әлі күнге дейін жұмыс істейді. «Балабақшадағы балалар мені көрсе, Айкөркемнің анасы деп келіп тұрады. Оларды да қатты жақсы көремін. Өйткені оларды көргенде Айкөркемді көргендей боламын»,- деп көзіне жас алған ана қызының қазасын әлі де ұмыта алмай жүргенін айтады.

17 қараша марқұм Айкөркемнің туған күні. Бүлдіршін тірі болғанда 6 жасқа келер еді. Анасының айтуынша, «биыл мектепке ағасымен бірге баратын ба еді?!»,-дейді өзегі шерге толы ана.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі