//

18 жасқа дейін әр балаға бюджеттен қаржы бөлініп отырады

498 рет қаралды
сурет Gov.kz порталынан алынды

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, 2024 жылдан бастап “Ұлттық қор – балаларға” жобасы іске қосылады. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы есепшотына аударылады.

Ұлттық қордың есебі бойынша балалардың есепшотында 18 жасқа дейін 3,5 мың доллар (қазіргі курспен 1 668 730 теңге) жиналады. Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Себебі ұлттық банк оны бала 18 жасқа дейін толғанша инвестициялап отырады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.

Бөлінген қаржы 18 жасқа толған баланың бар қажетін өтей ме?

— Жиналған ақша жете ме, жетпей ме деген сұрақ өзекті. Әрине, шетелде оқитын болса, оқуға жетпеуі мүмкін. Бірақ азғантай болса да ұлттық байлықтың шетінен алып, өзінің бір жыртығын жамайтын болса, ол да бір жетістік емес пе?! Бірақ ол 3 мың доллар бола ма, 4 мың немесе 5 мың доллар бола ма – біз айта алмаймыз -, дейді сенатор Бекбол Орынбасаров әр жылдары инвестициялық табыс әртүрлі болуы мүмкін екенін ескертіп.

Жиналған қаржыны бала қашан пайдалана алады?

Қаражатты білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға мақсатында ғана жаратуға болатынын айттты. Бала 18 жасқа толғанға дейін аударылған ақша Ұлттық қорда болады. Ұлттық банк оны қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Барлық балаға тең құқық қарастырылған. Баланың туған күнінен бастап немесе баланың Қазақстан азаматтығын алған күнінен бастап он сегіз жасқа толғанға дейін оған бағдарламаға қатысқан тиісті жылы үшін әрбір баланың шотына бірдей сома аударылып отырады.

Ұлттық қордың мөлшері қазіргі таңда 57 млрд АҚШ доллары. Соның 2,6 пайызы – 100 пайыздық инвестциялық табыс. Дәл сол инвестициялық табыстың жартығы Қазақстандағы 6,7 млн балаға бөлінеді. 2024 жылы 1 қаңтарда қанша бала болады – соның бәріне бөлінеді. Дегенмен Дәурен Темірбеков 2024-2042 жыл аралығында 18 жасқа дейінгі балаға қанша сома түсетінін нақты айта алмады.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,