//

Мүгедектігі бар жандарға төленетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері (2024)

1310 рет қаралды
әлеуметтік желіден алынды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 9 пайызға артса, мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; мүгедек балаларды (мүмкіндігі шектеулі балалар) тәрбиелеп отырған ата-аналарға,  асырап алушыға, қамқоршыға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақылар; 1-ші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 7 пайызға артқан.

2024 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшеріне сәйкес ең жоғары табыс 55 АЕК-тен аспауға тиіс (203 060 теңге).

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері; бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; бала бір жарым жасқа толғанға дейін, оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы; арнайы мемлекеттік жәрдемақылар; бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы; «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежелі Аналық Даңқы» орденімен марапатталған, АЕК мөлшері 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға артқан.

85-бабтың 2-тармағына сәйкес бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Кодекстің 76-бабы мен 82-бабына сәйкес бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерінен кем болмайды.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жарым жасқа толғанға дейін, оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен аз болса міндетті зейнетақы жарналарының қосымша есебін ескере отырып, мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне дейін ұлғаяды.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі