//

Жақындарын ақтауды талап еткендер айыппұл арқалап қайтты

505 рет қаралды
Azattyq сайтынан

15 қаңтар күні Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған жақындарын ақтауды талап етіп, Ақорданың алдына жиналған марқұмдардың туыстарына Астана соты 77 мың теңге айыппұл салған.

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған ет жақындарын ақтауды және ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей кездесуді талап еткен азаматтарға айыппұл салынды. Айыппұл арқалағандардың бірі Бақытжан Шыңғысбеков. Оның айтуынша, 16 қаңтар күні Астана соты Ақорда алдына жиналғандар мен баруға ниетті болған тағы 9 азаматқа “бейбіт жиын тәртібін бұзғаны үшін” айыппұл салған.

Жиналғандарға әкімдік өкілі келіп, “рұқсат берілмеген жиын өткізуге болмайтынын” ескертті. Сол күні жиналған марқұмдардың туыстарын полиция қызметкерлері күштеп, алып кеткен.

Жиналғандарды жаппай ұстап алып кетіп жатқан кез. Сурет Azattyq-тың ютуб каналынан

Бейбіт шеруге жиналғандар сот шешімімен келпейтінін әрі шағым түсіретіндерін айтады. Марқұмдардың туыстары бұған дейін де Астанаға бірнеше рет келгенін, жергілікті құқық қорғау органдарынан қанағаттанарлық жауап ала алмағанын айтады. Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде марқұм болған азаматтарды ақтау үшін туыстары әлі де күресіп келеді.  Сарапшылардың пікірінше, екі жыл өтсе де негізгі сұрақтарға жауап берілмеді деп санайды. Құқық қорғаушылар адам өлімі бойынша қылмыстық істердің біршамасы тоқтатылғанын, азаптау бойынша келіп түскен шағымдардың  қаралмағанын айтады. Ал биліктегілер “Қаңтар біржақты тергелді” деген сынға келіспейді.

Мәжіліс депутаттарының Ақорда алдына жиналғандардың арыз-шағымынан хабары бар ма?

Азаттық журналистері “Қаңтардағы туыстарынан айырылған бір топ адам президенттен талап етіп келгені туралы естідіңіздер ме?”,-деген сұраққа мәжіліс депуттары оның ішінде, Наурыз Сайлаубай, Қарақат Әбден мүлде естімедім десе, Жұлдыз Сүлейменова марқұмдардың туыстары Ақорда алдына жиналғанын Азаттық сайтының ақпараттарынан естіп, білгенін бірақ жиналғандардың талаптарымен келіспейтінін, сот шешімімен келісетінін айтты. Жалпы сот шешімін талқылауға құқығының жоқ екенін, бұл барлығына ортақ заң екенін атап өтті. Ал Абзал Құспанның сөзінше, марқұм болғандардың туыстары талап еткен арыз-шағымды жан-жақты қарастыру керек екенін айтты.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,