/

Жоламан әкімі: Гүлім Әбішева көмексіз емес

2078 рет қаралды

Жаңғырық:

Жазылған жайға жауап келді

27 мамыр күні www.minber.kz Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылының тұрғыны кішкентай Нұрбектайдың анасы Гүлім Әбішевамен сұхбат жариялаған еді. Ол сұхбат жарияланған соң Кербұлақ ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі «Мінбер» тілшілеріне хабарласып карантин кезінде бұл отбасына ауыл тұрғындары мен әкімшілік тарапынан көрсетілген көмек туралы айтып берді. 

Сіз сұхбат алған Әбішева Гүлім – 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі баламыз Нұрбектің анасы, біздің округтің тұрғыны. Бұл отбасын барлық тұрғындар таниды, қолдарынан келген көмегін беріп, қолдау көрсетіп тұрады. 2020 жылдың алғашқы айынан оларға мынадай көмек берілгенін білеміз, 1981 жылы туған ауыл мектебінің түлектері 20 000 теңге, Жоламан бекетінің тұрғындары 28 000 теңге берді. Ал әкімшілік пен мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бірнеше рет азық-түлік берілді. Жақын арада «Нұр Отан» партиясы көмекке мұқтаж адамдарға ақшалай көмек көрсетуді жоспарлап отыр, біздің ауылдық округ бойынша 53 адамның тізімі берілді, сол тұрғындардың қатарында Әбішева Гүлім де бар… 

Айта кететін жағдай,  Жоламан ауылдық округінде  мүгедек бала тәрбиелеп отырған  4 отбасы бар,  қолымыздан келетін көмек көрсетуге тырысамыз…

Тілшіміз осы ауданның Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласқан еді. «Төтенше жағдай кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай көмек көрсетілді?» деген сауалымызға Әлеуметтік бөлім ресми жауап беріп, төтенше жағдайға байланысты Гүлім Әбішеваға сәуір, мамыр айларында 5556 теңгеден қаржылай көмек берілгенін жазды. 

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылы әкімінің жауабы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазір Қазақстанда  697 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар, оның 92, 4 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар.

Әлеуметтік оңалту аясында жергілікті атқарушы органдар мүгедек балаларды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен (протездік-ортопедиялық, маңдайша мен тифтехникалық, міндетті гигиеналық), арнайы көлікпен (мүгедектер арбасы), қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, инватакси (мүмкіндігі шектеулі балалар мектептерге, медициналық мекемелерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына және басқа да әлеуметтік нысандарға ақысыз жеткізіледі).

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі