//

Ғани МЕҢIЛБАЕВ: КУНСТКАМЕРАДА БIР БАС СҮЙЕК ТҰР, ол кiмдiкi?

1406 рет қаралды
3

 (Ғани МЕҢIЛБАЕВ, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетiнiң доцентi, тарих ғылымдарының кандидаты)

бас сүйекҒани Абылайұлы, Сiз жақында ғана СанктПетербургқа сапарлап қайттыңыз. КСРО құрамындағы бодандық кезiнде жазылған тарихымызға қыпқызыл саясат араласып, көп дүниенi айта алмадық. Сапардан нендей ой түйдiңiз?

– Осы жақында iссапармен Санкт-Петербургте бiр ай жұмыс iстеп қайтудың сәтi түстi. Бiздiң халқымыздың әлi де болса бiзге белгiсiз тарихы өзге мемлекеттер мұражайлары мен мұрағаттарында тұрғанына, сондай-ақ, олардың қорларында сақтаулы тұрғанына көзiм жеттi… Санкт-Петербуре заттай тарихи жәдiгерлер топтастырылған жерi, – Эрмитаж. Тарихи заттай жәдiгерлердi аралап көрiп жүрiп талай дүниелерге көз жеткiздiм. Солардың бiрi – қанатты барыстар бейнеленген қола мүсiндердiң топтамасы. «… Жертвенный стол (Большой Семиреченский Алтарь). Бронза.V-III вв. до н.э. Окрестность Алматы, 1884г. Поступление 1920г. из собрания Археологической комиссий». Екiншiсi, қоладан құйылған, барыстардың бейнесi бейнеленген, үш аяғы бар табақша түрiндегi тарихи жәдiгер.  «Курильница. Бронза. IV-II вв. до н.э. Восточный Казахстан», 1920 г. Поступление из Западно-Сибирского музея. Омск.

– Шет елдерде қазақ тарихына қатысты ашылмаған жәдi герлер көп деп ойлайсыз ба?

– Эрмитаждағы халқымыздың тарихына қатысы бар көптеген заттай тарихи жәдiгерлердiң iшiнен бiрнеше тарихи жәдiгерлердi ғана жазып алып, олардың суреттерiн келтiрiп отырмын. Солардың бiрi, қазақ жерiнен кезiнде алып кеткен, тарихи оқиғалар туралы жазулары бар үлкен тастың бөлiгi деуге болады. Бұл 1491 жылы Әмiр Темiрдiң Тоқтамыс ханға қарсы жасаған жорығы туралы жазылған тарихи жәдiгер екен.

– Елбасымыздың «Тарих кiм-кiмнен де жоғары ұғым» деген ойлы сөзi бар. Алдағы уақытта тарихи шежiренi қалыптастыруда ненi ескеруiмiз қажет?

– Зиялы қауым арасында және зерттеушiлер iшiнде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының бас сүйегiне байланысты баспасөз беттерiнде, теледидарда әртүрлi болжамдар мен мақалалар, т.б. жарық көргенi белгiлi. Оның бас сүйегi эрмитажда тұр екен, оны көргендер бар екен деген соң, эрмитаж iшiн асықпай қарап, қазақ халқының тарихына қатысы бар-ау деген залдардың барлығын қарап шықтым. Халқымыздың тарихына қатысы бар заттай жәдiгерлер баршылық, бiрақ, Кенесары ханның бас сүйегiне қатысты заттай деректердi кездестiрмедiм.

Кунсткамерада суретке, ұялы телефонға және видеоға түсiруге болмайды деген тыйым салынған залда менi қызықтырған тарихи жәдiгерлердiң бiрi, бұл адамның бас сүйегi тұрған витрина болды. унсткамера iшiндегi барлық халықтың тарихы көрсетiлген залдардың iшiндегi, бiздiң жерiмiзден табылған аңдар мен жануарлардың алтыннан жасалған жапсырма бейнелерi бар залда тұрған витрина iшiндегi адам басының қаңқасы қызықтырып, оған зер сала қарап, астындағы жазуынан бiздi қызықтыратын ешқандай мәлiметтi кездестiрмедiм. Ол жерде: «№6039-1.Череп отмонтир костяка. Череп человека» деген сөз бар. Сонда, бұл витринадағы адамның бас сүйегiнiң өзге бас сүйектерден артықшылығы неде, неге бұл адамның бас сүйегiнiң белгiлi бiр адамға тиесiлi екенiн жазбаған деген сұрақ туындайды. Себебi, бұл жерде менiң бұл бас сүйекке ерекше көңiл бөлгендегi мақсатым, осындағы залдардың барлығын аралап көргенiмде, ешқайсысынан адамның бас сүйектерiн кездестiрмедiм. Жалғыз осы залда ғана бiр бас сүйек тұр және өзге залдарда суретке түсiруге рұқсат бергенмен, бұл залда рұқсат жоқ. Соған қарамастан, мен қолымдағы ұялы телефонға бас сүйектi суретке түсiрiп алдым. Оның кiмге тиесiлi екенiн бiлмеймiн. Не болса да, бұл жердегi тұрған бас сүйек бекер тұрма ған болуы керек деп ойлаймын. Себебi, витринаға қарапайым адамдардың бас сүйектерiн қоюы мүмкiн емес деген ой келедi. Сонда, № 6039-1. Адамның бас сүйегi кiмге тиесiлi деген сұрақтың туындауы заңды құбылыс деп ойлаймын. Осындай ойлардың мазалауы не болса да Кунсткамерадағы бас сүйектiң кiмге тиесiлi екенiн алдағы уақытта анықтауға болатын шығар деген мақсатта жанынан және алдынан ұялы қалта телефонына суретке түсiрiп алып, астындағы жазылған жазуларын сол күйiнде жазып алдым. Мүмкiн, бiз iздеп жүрген халқымыздың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегi осы болуы да мүмкiн ғой деген күдiктi ойдың болғаны да рас. Себебi, Эрмитаждан ешқандай бас сүйектi көргенiм жоқ. Ал, Кунсткамера залдарының бiреуiнде ғана бас сүйек бар, оның өзiнде «череп человека» деген жазу ғана бар… Сонда, бұл бас сүйектi қайдан тауып алған және бұл жерге ерекшелендiрiп неге жалғыз өзiн қойған.

Әңгiмелескен – Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ, almaty-akshamy

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Ғани аға! Мен де 2011 жылы Петерборда болдым Эрмитажды асыкпай аралап, “Ресей Империясына” 10 жыл зеңбірекке қарсы қылышпен соғысқан батыр бабамыздың басын іздегенмін.Сондағы бақташы орыс кемпірлерден де сұрағаным бар.Бірақ өзіміз әлі күнге дейін бауырымыз деп мойындап келген тілі тәтті діні қатты қырғыздар орыстарға сатып жіберген бас сол музейде жоқ.Ал кунсткамерага баруға дәтім шыдамады.Неше түрлі сұмдық бар ғой онда.Петр біріншінің әлемнің сұмдықтарын жинаған музейі ғой…Сол кунсткамерада Муқтар Мағауин ағамыз жазған қазақ баласының терісін тірідей сыпырған зұлым моңғолдың басы бар. Естуімше Кенесары бабамыздың басы біреудің жеке коллекциясында. Қариялардан бала кезде естуші едім ол кісінің басының үлкендігі жылқының жағындай деп. Ал мына сіз түсірген бас ол қарапайым бас қой.Әттең, Алланың қалауымен сол бас еліміздің төрінен орын алса қой.Халқымыздың рухы көтерілып,Қазақ елі әлемнің үлкен державаларының біріне айналатын еді,,,,,,

  2. Ленин, Маяковскийлерді миын сурып алып тәжірибе жасап құдайдың қарғысына ұшыраған қасаптардан не дәметіп жүрсіңдер. Кененің басын баяғыда күлге айналдырып жіберді емес пе? Кененің басын емес, Рухын іздеңдер!

  3. 2017 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының Ғылым Ордасындағы тарих және этнология институтында Кенесары Қасымұлының көтерлісіне қатысты және оның ұрпақтары,зиялы қауым өкілдерінің,қоғам ұайраткерлерінің,жас ғалымдардың қатысуымен халықаралық деңгейдегі конференция болды.Осы жиынға менде қатысып,Кенесары Қасымұлының өлімінің белгісіз беттері деген тақырыпта баяндама жасадым.Осы жиында Кенесарының бас сүйегіне байланысты да біз білмейтін деректерге қатысты баяндамалар жасалды.Менде өзім білетін мәліметтермен пікір бөлістім.Соларды айтар болсам;1- Кенесарының бас сүйегіне қатысты мен барған Кунскамераның іс-құжаттар қорында Тау халқының көсемі Шәмілге және Кенсары Қасымұлының бас сүйектеріне байланысты екі папка бар екендігі дәлелденді.Ол туралы осы қордың бөлім меңгерушісі Мария Резванның ғаламторда берген сұхбаты туралы сөз болды.2- Семей облысынан келген зерттеуші азаматтың қолындағы құжаттан көргенім,онда осы Кунскамерадағы Шәміл мен Кенесарының бас сүйектерінің қандай қорда тұрғаны туралы құжаттың көшірмесі болды.Онда Ұлт-азаттық қозғалыстың екі көсемінің бас сүйектерінің нөмірленген саны көрсетілген.3- Конференциядағы зиялы қауымның басым көпшілігі Кенесарының бас сүйегі Санкт-Петербургтегі болуы мүмкін,яғни Кунскамерада сақталуы мүмкін деген пікірге келді…с/м. Меңілбаев Ғани Абылайұлы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі