//

Серік Қапшықбайұлы: ОЙБАЙ!

1322 рет қаралды
1

       ОТАНЫМ
капшыкбай Отаным –
Піскен қауындай…
Мұның аты –
«Аман жүр,
Ауырмай».

Отаным
Ірі бол.
Ұсақтар –
Төгілер,
Үгілер.

Отаным
Ояумысың?..
Мұны айту –
Қалғып кетпеуің
Үшін!..

Отаным
Мен бар,
Ол бар…
Мұның аты—
Қозбау керек
Алалық,
Жаңжал.

Отаным
Өс,
жарқыра.
Түсейік:
Күннің соңы,
Айдың алдына!..
10.02.2009

            ОҢ ЖАМБАС

Жұрт не десе, о десін!
Сынар дағы, жыртылар:
Сүйектерім, көк етім.

Иығымнан жүк түсіп!..
Қалайын ба, бір сөзді –
Түкіріктей ытқытып:

«Ауылым күйген жарға қона алмайды.
Қыпшақтан қырық қатын ұл тапқанмен
Бірі де Иманжүсіп бола алмайды!»

Жүрген талай ой жоқ па?..
Келе алмай оң жамбасқа!
08.10.008

           ОЛҚЫЛЫҚ

Жел үдеп
Иірімде…
Қу ағаш
Олақ –
Иілуге.

Жас талдың,
Мысық құйрығындай.
Иіріліп тұруын-ай!

Қызыққанммен
(Бар ма ес?)
Ол мен
Мен ол
Емес.

(Жүгінейік
Сезімге.
Мін болса бір,
Мін –
Өмірдің өзінде!…
14.02.2009
           ОҚЫСТА

Сен-ақ,
Мейлім
Ертеңгі шық, жылтыра.
Мезгілдің дәп
Піскен кезі-ау –
Күз сірә?

Көрінерлік
Шолақ сиыр тәрізді.
Уақыттың кеспірін-ай,
әзіргі!

Жаз жауынсыз,
Қыс қарсыз
әншейін,
Бағы тайып –
Мезгіл деген
Нәрсенің:

Біз қайтеміз,
Ақша түспей
Қапшыққа ал.
Қуаң жерге –
Өнбей қойса
Астықтар?

Мезгілімнің –
Сұрап кие шапанын
Жүр әзірге шықпай
Жаным, атағым.
17.10.2003

                   ОЙБАЙ!

Тау жарықтық.
Басы күміс –
Ала қар.
Онан құлдап:
Төбе, қырат- олпыллың –
«Шылдыр шүмек балалар».

Қылығын қой,
Бала – деген шайтанның.
Ол миыңнан өткізеді-ақ,
Қышқырып!
(Қайсы бірін айтармын?)

Біздің құрттай күнімізде,
Әрқайсың
Білесің ә,
Қышқырғанмен балалар,
Бұлай қышқыра алмайтын.

Нағыл деп жүр,
Айналайын, не мынау?
Қу балалар бізден
Қандай жамандық
Көрді?
Өзің айт, өмір-ау.

            НӘРЕСТЕ

Ауыр ма екен,
Бұйым ба ол—
Қурайларды
Сындыру мен
ійулер?

Темірдің не,
Қоланың
Қайсысына хал айтқандай
боламын?

Нәрестелер
Неткені.
Келіндердің
Жүр-ау ішін тескелі?..

Деп Тілейін:
Болбырап ,
Шала-жансар
Тумаса екен, ол бірақ?

Шағымдарды
Айхай мың,
Сол –
Туылар нәрестеге-ақ
айтармын!

           ҚЫЗТАЛАҚТАР

Сағым,
Сәуле—
Бұлаңдап!..
Не дейді екен
Мұнар тау,
Тұл аймақ?

Жоталар сиреді…
Мүмкін емес –
Сирегенін,
Сүйрелгенін
Білмеуі!..

Біздің
Күй де сол!
(Білеміз!)
«Шарасыздан»
Баяғы,
«Шалға тиеміз.»

Көре қоймасаң –
Мұны?
Жә ей,
Құдайдың құлы.

Тамның бұрышын
Сипалап қал
Соқыр болып,
Қызталақтар!..
13.09.2008

            ҚЫЗҒАНШАҚ

Дүрсілдете жүректің
Зытқаны ма ол, шапқаны?
Қақыраған,
Сол екпін –
Шайқап үйлер қапталы!..

Келмеуі рас шаманың.
(Не қыл демек бұл, ондай?..)
Қарға бойлы баламын…
Қалам ие бола алмай.

Жүрек-ау, біз тел өстік!
Қызығарлық әрдайым,
Дүрсіліңді жер естіп…
Мен естімей қалмайын?
14.01.2009

             ҚҰДАЙ ІСІ

Ой мен
Өмір қуатын
Қайтып –
Ұштастырасың?

Жылай – жылай
Кеп,
Былай:

Өзім,
Өзге үшін
де.
Қол сұқпайым
Құдайдың –
Құдыр -е-тіне!..
07.08.2008

             ҚОЗЫ МЕН ҚОЙЛАР

Бір есептен –
Ұят шығар, ол сірә.
Шарап құйып
Шайқап ішпей,
Толтыра!

(Қанаттарын қағып –
Алтын көбелек.
Қағуының
Өзі нағыз керемет!)

Сойып жемеу,
Тойып жемеу
(Әй, қайдам?)

Ұят шығар,
Қозылар мен
Қойлардан.

             ЗАҢСЫЗ ҚИМЫЛ

Пұлы бар –
Жиып жүрген…

Тоны бар –
Киіп жүрген.

Өмір заңын
Қолданбай…
Ол әйтеуір,
Сормаңдай!

Сол дұр –
Мәселесі жырдың:
Е, «су аяғы
құрдым.»

Айтайын бір
Осбақ…
«Осбағым» тұр
Не бастап?

«Ала бие тай табар,
Мінсем көңлім жай табар».

03.02.2009

АЗАН

Дауысым естіледі
Ебіл – себіл.
Биелер кісінеген
Сияқты бір!..

Басқа ауылдың
Шындығын
Әдетіңе,
Айналдырып
Алудың
Қажеті не?

Түйедей
Маң далаға –
Тұрар қарап
Жетпей ме,
Өзіміздің
Шындықтар ақ?

Осыны айтып –
Тәп-тәуір айқайлаймын.
Азаны сияқты – ғып
Пайғамбардың!
2007.03.03

АЗАМАТ

(Иран-Ғайыпқа)

Ол:
«Алас,
Алас!» дейді.
Аласпен айықсақ,
Мейлі!

Бітеу көз
Алқаптардың
Үстінен ұша,
Жай таппадың!

Сендей
Ақын аз.
(Көбінің басы таз.)

Ұра-жырық…
Шоңғал…
Аяқтар қайтып,
Не тындырады
Қолдар?

Алты алаш –
Ұраның-ай!
Домбыраның
Теріс бұрауы,
Қоңыраулы
Қызыл жыланым-ай!

Сайтқа әзірлеген
А.Мұқибек

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Е,….. ” Серік қапшықбай, Сөз сйлейді апшықпай ” – деген сөз өз заманында Серік жырларын сүйіп оқыған қауымның қанатты сөзі еді. Иә, өз заманында қуғын – сүргіннің не алуан түрін бастан кешірген, не бір атақты ақ-таңдақтар тоғысындағы “Аққан қан төгілген көз жастардың” тірі куәгері болған Қайсар адам, қалтықсыз ұлтшыл – осы Бір “жұмбақтау тұлға” С. Қапшықпайұлы Алаш-ордашыл көне көздердің шығыс – түркістандағы көн – таяқ көне көзге жататын талғамы биік тарлан – боз қалпымен осы бір неше қоғамдық пормацияның тірі куәгері бола білген Серіктің өн – бойы тұнған -өнеге. Ал ол кісінің ақындығы мен өлеңі , прозасының мағанасы мен мақамы да бөлек бір лексиконы сіпетті сезіліп жұмбақтау мақам жұқалау шуақтар құбылысы аз пікір – сөзбен түсіндіріу қыиын . Алайда , Серік жырларын құныға тыңдайтын құба – төбел көне көздер қатары азайды . демек бір емес ондаған қатерлі өтеклдерден аман өткен ; осы бір кайыстай қара шал – нағыз тағдырлы қауымның ” халық жазыушысы ” болатын. Алайда , қазіргі Қазақ елінің аса көп санды қауымы Серік жырларын түснбей жатса , тілдің тозғаны емес , уақыт көшінің алға озған бедерлі белестерінің ескі құндылығы деп білген жөн болар . Ал туған елінің азаттығын аңсаған қарт ақынға Аллаһ медет беріп, қайсарлығы мен ұлтына деген адалдығының арқасында , “Көк тудың желбірегенін ” көзі тірісінде көрген СЕКЕҢ ақсақал да арман жоқ . ” Аман бол ағаларым ” демекші , Беу ! Серік – ақын , Серік – шал – кәрі жезде аман сау арамызда шауып жүргенің үшін қуанамыз .
    ————————————————————-

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі