/

Тіл үйренгіңіз келе ме?

794 рет қаралды

Қазіргі таңда көптеген ата-аналар балаларын мектеп жасынан  бастап түрлі ағылшын тілінің курстарына беріп, заман талабынан қалмауға тырысуда. Бәсеке артқан сайын, тілді меңгеріп жатқан жастардың қатары артуда. Алайда, курстарға баруға жағдайы келе бермейтін, ауылдық елді-мекендерде көптеген мүмкіндіктерден тыс қалатын жас талапкерлер үшін ағылшын тілін өз беттерінше үйренуден басқа амал да қалмайды. Ендеше, ағылшын тілін меңгерудің жолдарын бірге қарастырайық. Әрине, бұл ақыл-кеңес менің тіл үйрену барысында 2 жылдай жүзеге асырған іс-әрекеттерім және көбінің пайдасы немесе еш нәтижесі болмай да қалуы мүмкін.

Біріншіден, сіздің сол тілді меңгеруге деген ерекше құштарлығыңыз болу керек. Өз-өзіңіді мәжбүрлеп немесе баға үшін деп ештене үйрене алмасыңыз анық. Егер, уақытша жаттап ғана жүрсеңіз, оның ешқайсысы ұзаққа бармайтын болады. Демек, адамның мақсаты айқын болған сайын, оған жасайтын қадамдары да нәтиже бере бастайтын болады. Сондықтан, мақсатыңызды айқындай отырып, ерекше талпыныс білдіру керексіз.

Екіншіден, бәрін бірден тез үйреніп алуға асықпау керек. Бір уақытта ережені, сөздерді қатар алып жаттауға да болмайды. Жүйел кесте құру арқылы, барлығына арнайы уақыт қарастырып дағдыланыңыз. Нәтиже тез бола қалса екен деп асығыстық танытатын жағдайлар да болады. Алайда, тіл үйрену барысында сабырлық танытудың үлкен мәнісі бар.

Үшіншіден, күнделікті дайындық қажет. Уақытыңыз мүлде болмай жатқанның өзінде, кемінде 20 минутыңызды бөліп, еске түсіріп отыру керек. Күн сайын 1 сөз жаттап алсаңызда немесе 1 бет ертегі оқып шықсаңызда үлкен пайдасын беретін болады.

Төртіншіден, сөз жаттау барысында сөздерді жеке-жеке жаттауға тырыспаңыз. Әр сөзбен бірге сөйлем құрастыру арқылы есте сақтайтын боласыз. Әрине, қаншалықты көп сөз білесіз, тіл меңгеру мүмкіндігі сол дәрежеде арта түседі. Бірақ, сөздерді жаттаудың өз әдістері болатынын ұмытпаңыз.

Бесіншіден, шағын кітапшалар және фильмдердің көмегі зор. Алайда, көретін фильміңіз сізге қызығушылық тудыру керек. Алғашқы да ешнәрсе түсінбеуіңіз мүмкін. Бірақ, көп көрген сайын құлағыңызда үйрене бастау арқылы сол тілді үйренуге кеңірек жол ашасыз. Есте сақтайтын нәрсе, не көрсеңізде астында аудармасымен қарамаңыз. Бұл сіздің уақытыңызды өлтіреді және ешқандай нәтиже бермейді.

Қай жерде жүрсеңіз де ағылшын тілінде радиосы тыңдап, өзіңіз жақсы көретін әндерді аудармасымен жаттап жүріңіз. Радио тыңдау арқылы белгілі бір дағдыға түсесіз.

Қазір интернетті ашып қалсаңыз болды, ағылшын тілін үйретуге арналған түрлі курстардан көз сүрінеді. Әрине, олардың көп болғаны дұрыс-ау, егер сол сізге нақты нәтиже бере білетін болса. Бірақ, барлығы сіздің өзіңізге байланысты. Қаншама ақшаның басына су құйып, жылдап курстарға барғанмен әлі күнге нәтиже ала алмай жүрген таныстарымды білемін. Сол үшін де жоғарыдағы шағын кеңестерді айтып  отырмын. Әрине, ағылшын тілін оқудың басты жолы – тәжірбие. Ешқашан да грамматика жаттап, бар уақытыңызды соған өлтірмеңіз. Оны түсінбегендіктен де өзіңізді тіл үйрене алмайтындай сезінетін боласыз. Бұл сіздегі құлшынысты өшіреді.

Көгершін Тілеген

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі