//

Беларусь ауыр көлік жүргізушілері Қазақстан заңдарын белден басып жүр ме? ҚазАТО президенті сондай мәлімдеме жасады

1534 рет қаралды

Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы Қазақстанда қазіргі таңда қазақстандық автокөліктермен халықаралық жүк тасымалын жасайтын беларусьтік жүргізушілер көбейіп кеткендігін мәлімдейді. Алайда, олар Қазақстан заңдарын айналып өтіп, салық төлеуден жалтарудың оңай жолдарын тауып алған. 

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы мәлімдеп отыр. ҚазАТО президенті Мақсат Сақтағановтың айтуынша:

– Қазақстанда Беларусьтен келетін  ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерінің заңға қайшы әрекеттері мен жемқорлық схемасы айқындалып отыр. Мекеменің еңбек пен демалысты үйлестіру жөніндегі Ережесіне сәйкес халықаралық жүк тасымалын жасайтын  барлық жүк көліктері тахографпен қамтамасыз етілуі тиіс. Жүргізушінің жеке басын айқындау үшін және оның жұмыс уақыты мен демалған кезі туралы мәліметті сақтайтын жүргізуші карточкасы беріледі. Сондай-ақ, жүргізуші карточкасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында 185 күннен кем емес өмір сүретін және ҚР уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсаты бар шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға ғана беріледі.

Алайда, қазіргі сәтте Қазақстан көлік компанияларында жұмыс істейтін Беларусь жүргізушілері осы жүргізуші карточкасынсыз көлік айдап жүр. Бұл Халықаралық көлік тасымалын жасайтын транспорт экипаждарының жұмысына қатысты 1970 жылғы Еуропалық келісімді бұзу болып табылады. Бұл келісім Қазақстан Республикасының президентінің 1995 жылдың 12 мамырындағы N 2272 Жарлығымен ратификацияланған. Халықаралық көлік тасымалын жасау барысында, «Қазақстан-Қытай», «Қытай-Қазақстан», «Қазақстан-Ресей» және «Ресей-Қазақстан» бағыттарындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде Беларусь пен Ресей жүргізушілері «жалған құжаттарды» яғни Қазақстан азаматтарының карталарын көрсетіп жүр, – деген ол мемлекеттік құзырлы орган өкілдерінің бұған неге көз жұма қарайтынына таң. Бұның салдарынан қазақстандық 2-3 мың жүргізуші жұмыссыз қалып отырған көрінеді.

Оның айтуынша, дәл осы заңды бұзып отырғандар қазақстандық компаниялар көрінеді.

– Өйткені Беларусь жүргізушілері қазақстандық жүргізушілермен салыстырғанда әлдеқайда арзан ақы сұрайды. Өйткені оларға өз мемлекеттерінде жағдай жасалынған, субсидия төленеді. Сөйтіп олар демпинг жасап, бағаны төмендетіп отыр, –  дейді ол.

Жүргізушілердің жұмыс уақыты мен демалған кезін үйлестіру жөніндегі Ереже талаптарын орындауға деген бақылауды күшейту мақсатында, Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушыларының одағы жағдайды реттеп, бұл жүргізушілер мен олардың жұмыс берушілерін жауапқа тартуды сұрайды. Яғни, отандық халықаралық көлік тасымалы компанияларын Қазақстан Республикасының 2014 жылдың  5 шілдесінде қабылданған №235-V ЗРК «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 572 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартып,  олардың болашақта халықаралық жүк тасымалына қатысты көлікті айдауына тыйым салынуы керек.

 «Өкінішке қарай, дәл осы әкімшілік құқықбұзу бабы бойынша жүргізушілер, шағын, орта және ірі кәсіпорын субъектілері жауапқа тартылмайды. Бұл бап бойынша шағын кәсіп иелері он, орта кәсіп иелері – жиырма, ірі кәсіп иелері – елу айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Құқық бұзушылардан төленетін айыппұл бюджетке түспейді» – дейді  ҚазАТО президенті Мақсат Сақтағанов.

Мақсат Сақтағановтың айтуынша, мәселе Тамыздың 1-інен шешілуі мүмкін. Өйткені қабылданған нормаларға сәйкес, 1 Тамыздан бастап тек қана Қазақстан азаматтары ғана тахографпен қамтамасыз етілетін болады. Бәлкім сол кезде жағдай дұрысталар дейді ол.

“KZ Logistic” компаниясының директоры Құралай Әділханова 20 жылдан бері жүк тасымалымен айналысатынын айтады. Оның айтуынша, Белоруссия компаниялары біздің нарыққа заңсыз енуде. Олар Қазақстанда салық төлемейді, алайда, біздің тасымалдау компаниялары олардың қызметіне жүгінуді жөн санайды. Өйткені ақысы арзан. Бізді таңқалдыратыны, қолында жүргізуші карточкасы жоқ жүргізушілер біздің құзырлы органдардың қармағынан қалай оңай сытылып кетіп жүр?

Дәл осы ақпаратты “Zalia Trans” компаниясының өкілі Арбек Баймұхамедов те растайды.

Ал атыраулық кәсіпкер,  “Vektor” компаниясының негізін қалаушы Василь Вериго 2013 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс істеп жатқан Беларусь азаматы. Оның айтуынша ол Қазақстан заңдарының негізінде жұмцс істейді. Салық төлейді. Алайда оны алаңдататыны, Қазақстан егер жүк тасымалына қоятын талапты күшейтетін болса, заңды түрде тіркелген компаниялардың күні не болмақ?

Бұған жауап берген Мақсат Сақтағанов мәселе осындағы шетелдік компанияларда емес, мәселе салықтың төленбегендігінде. Мәселе, Қазақстан заңдарын айналып өтуде, біз осыған алаңдаймыз деді.

Беларусь жүргізушілері “Қытай мен Минск арасына жүкті бес күн ішінде жеткіземіз” деген жарнамаға біздің көлік компаниялары елігіп, оларды жалдайды. Алайда жолда жүру ережесі бойынша жүргізуші күніне 400 шақырым жол жүре алады, ал жүргізуші карточкасы оның жолда демалған, демалмағанын айқындайтын құжат. Қытай мен Минск арасында бір жүргізуші ең кемінде он күн жүру керек, ал екі жүргізуші сегіз күн. Бес күнде бұл жолды басып өту деген сөз жолда жүру Ережесін бұзып отыр деген сөз.

ҚазАТО  ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне 2022 жылдың 13 желтоқсанындағы №715 бұйрыққа толықтырулар мен өзгертулер енгізуді ұсынды. Онда егер «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 572 бабының 1 тармағы бұзылғандығы анықталса, отандық халықаралық көлік тасымалын жасайтын тасымалдаушылардың лицензиясын он екі айға тоқтата тұру көзделген. Алайда, өкінішке қарай, аталған министрліктен әзірге реакция жоқ.

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі