///

“Мінбер” ақпарат агенттігінің жетекшісі “Үздік репортер” атанды

1131 рет қаралды

Бүгін Алматыда бір топ тәуелсіз журналистер “ДеньЖ” яғни журналистер күнін өткізіп, үздік журналистерді марапаттады. Бұл шара соңғы үш жыл бойы журналистер мен пиар мамандарының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.

Журналистер күнінде бас қосуды әдетке айналдырған медиа мамандары өздері дауыс беру арқылы үздіктерді анықтайды. Биыл үздіктердің арасынан “Мінбер” ақпарат агенттігінің жетекшісі Есенгүл Кәпқызының аты аталды. Ол  “Үздік репортер” атағына ие болды. Сонымен бірге, “Ең үздік зерттеуші журналист” атағына “31 арна” журналисі Ирина Советжанқызы, “Ең үздік жүргізуші” Дәнеш Байболатұлы, “Ең үздік мәдениет шолушысы” деп “Хабар”  агенттігінің тілшісі Лазиза Керімқұлова ханым, “Ең үздік қаржы журналисі” ретінде stan.kz сайтының журналистері атанды. Әріптестер, еңбектеріңіз жана берсін.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі