• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазаққа “құлсың!” демегін…
Ұшып кеттік көкке біз!
“Зұлмат” – қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді
Қарақшылардың қолынан қаза тапқан…
Қандастарымыздың «сүйінші!» дейтін күні алыс емес
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВҚА ЖАЗҒАН ХАТЫ
Қандастарымыздың зейнетақысы мәселесі шешілді
Бүгін – ерте, ертең -кеш
Келер жыл Қабан ба, әлде Доңыз ба?
Жаңалықтағы жаңалық

Үкіметтік комиссияның басты міндеті – халықты тыныштандыру ма, әлде іріткі салу ма?

20 Dec 2011
|   
Пікірлер: 9

Жаңаөзен қаласындағы толқуларды басу үшін жедел құрылған Үкіметтік комиссия бүгін алғашқы ресми мәлімдемесін жасады. «Үкіметтік комиссияның басты міндеті Жаңаөзен қаласының экономикасы мен әлеуметтік өмірін шұғыл арада қалпына келтіру» делінген ҚазАқпарат таратқан мәлімдемеде. Бірақ, Үкіметтік комиссияның басты мақсаты – халықты тыныштандыру емес, керісінше араға іріткі салу, бір халықты бір-біріне айдап салу болғандығын аңғарамыз.

«Бұл жерге кінәлілерді табуға немесе басқа біреулерді ақтап алу үшін келген жоқпыз. Біз нақты жұмыс істеу үшін келдік. Қаланың экономикасы мен әлеуметтік өмірі тоқтап қалды. Біздің мақсатымыз тез арада бәрін қалпына келтіру. Ал комендант пен құқық қорғау саласының қызметкерлері өз жұмыстарымен айналысатын болады», – деген  комиссия төрағасы І вице-премьер Өмірзақ Шөкеев көп өтпей-ақ, комиссияның нақты көздегенін танытты. Ақтаулық “Лада” газетінің мәлімдеуі бойынша, ол Жаңаөзенге оралмандарды қоныстандыру бағдарламасын тоқтатуды ұсынған.

«Тергеудің алғашқы қорытындыларын жариялау барысында комиссия жетекшісі Өмірзақ Шөкеев былай деп мәлімдеді:

– Мүмкін келесі жылдан бастап Жаңаөзенге оралмандарды қоныстандыру бағдарламасын тоқтату керек шығар? Сосын оралмандар дұрыс қоныстандырылмаған деп саналатын жерлерді қарап, қаржыны басқа жерлерге қоныстандыру бағдарламасына бағыттау керек. Оралмандар ең көп тұратын аймақтарды қарастырып, оларды басқа аймақтарға көшірудің амалдарын қарастыру керек. Осы бағдарламаны тоқтатып, оны басқа бағытқа бұруымыз қажет. Осыған қатысты жұмыс жасау керек. Жаңаөзенде мұндай мәселе бар ғой. Мүмкін осында тұратын оралмандардың арасында басқа аймақтарға көшкісі келетіндер бар шығар? – деді Өмірзақ Шөкеев.

Шөкеев Маңғыстау облысынан оралмандарды “басқа аймақтарға көшіру” амалдарын тездету керек деп есептейді» делінген онда.

Бұл мәлімдеме, ондағы қазақтардың арасына сына қаққаннан өзге нәтиже бермейтінін үкіметтік комиссияның бағамдамағаны қайран қалдырады. Жалпы, қазақты қазаққа айдап салудың астарында қандай сыр бар екенін түсіну қиын. Бірақ, проблеманы оралманнан іздесе, билік қатты қателеседі. Проблема – шиеленіскен еңбек қатынастарында және әлеуметтік астары терең теңсіздікте екенін түсіну және аңғару қиын емес. Демек, билік осындай мәлімдемелері арқылы шеттен келетін қазақтың көшіне тосқауыл салуды мақсат етіп отыр ма деген күмәнді ой қылаң етеді екен. Олай деуге негіз де жоқ емес. 1991  жылы ұлы дүбірмен басталған қазақ көші 20 жылдан соң, тоқырауға ұшырады. Енді мына мәлімдемеден соң оның мүлдем тоқтауы да мүмкін. Демек, Елбасының 2015 жылы қазақтың санын 20 миллионға жеткізу жайлы  2004 жылғы Жолдауы жайына қалатын болды.

Мinber-ақпарат.

  • google-share
4,652 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Шұғайып АҚЫНҰЛЫ. “Ақшам гүлі”(жыр жинағы)

Келесі жазба

Шахановтың 1989 жылы Кремльде сөйлеген сөзі(бейнебаян)

9 пікір

  1. АЛАШҰЛЫ December 20, 2011 22:29 жауап жазу

    Бұл билік кімнің сойылын соғып отырғаны және бұл істердің(өздері ұйымдастырып, өздері шешіп ойын ойнап отырған істердің) кімге керек болғаны, не үшін керек болғанын түсінбей отырмын. Оралман НӘН ға қауіп төндіретіндей күш болып қалыптасты ма сонша? Одан да қатерлі, одан мың сан есе қуатты жасырын күш, жасырын жауларға қарсы ой қуаттарын неге жұмысамайды? Неге? НЕГЕ? НЕЕЕГГГЕЕЕЕ!!!!!!!?????

  2. erlan December 20, 2011 22:31 жауап жазу

    АЛАШҰЛЫ, дұрыс айтасың. Қазақты қазаққа жау қылудың осындай да сұмырай жоспары болады екен…

  3. kitai kazakgi December 20, 2011 22:39 жауап жазу

    bul jagdai ne bop ketti kazakhtar? senderge ne bolgan?

  4. Байұлы December 20, 2011 22:55 жауап жазу

    бұдан біз не аңғарамыз?бұдан Тимурдың қазақияда (елбасынан да) сөзі де ісі де жүретін,бірінші адамға айнала бастағанын аңғарамыз.елбасы шетелге неге кетті?дәл осы елде шиленіс өршіп,қалың қазақтың қабағы қарыс түсіп,қабырғасы сөгіліп жатқанда.Тікең екі ай бұрын бұл толқыулар оралмандардан келіп отыр деп сәуегейлік жасап еді ғой?біилік ешқашан таяқтың екі ұшы болатынын аңғармады да,аңғарғысы келмеді.Өмкеңдерде кінә жоқ, олар тек тоты ғой…

  5. Нарыннан December 20, 2011 23:08 жауап жазу

    Байұлы, бауырым! Дұрыс айтасың, бұл билік басындағы топтың не ойлағаны бар екені белгілі. Халықты қырып, шеттен келетін рухты, тілді-жақты, намысы бар қазақтың үнін өшіріп “бірін өлтіріп, мыңына сес көрсету” саясатын жүргізіп отыр… Бұл немелердің күні қашан батып, қазақтың айы мен күні оңынан туғызатын ұлдар ұлт тізгінін қолына алар екен…

  6. Ашынған қазақ December 20, 2011 23:39 жауап жазу

    Халық шынымен де ашынды, билік мұнымен санаспаса болмас… бірақ олар елдің, жердің, халықтың тағдырын ойлауы керек…

  7. men December 21, 2011 09:54 жауап жазу

    eiiiiiiiiiiiiiiiiiii((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((

  8. bek December 22, 2011 22:59 жауап жазу

    иттік қой бұл

  9. есім December 22, 2011 23:01 жауап жазу

    неткен бассыздық

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Қазаққа "құлсың!" демегін...

11 Feb 2019, пікірлер: 0

Ұшып кеттік көкке біз!

06 Feb 2019, пікірлер: 1

"Зұлмат" - қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді

31 Jan 2019, пікірлер: 0

Қарақшылардың қолынан қаза тапқан...

30 Jan 2019, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

22 Apr 2011, пікірлер: 33

Салеметсиздерме мен бир мекемеде 10 жыл...

Шапағатшы болсын!

Құрметті зангерлер. Мен алматыдағы 7...

Сәлеметсіз маган 5жыл стаж бар, жұ...

Басты жаңалықтар

Қазаққа "құлсың!" демегін...

Ұшып кеттік көкке біз!

"Зұлмат" - қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Қазақ тіліндегі контент проблемалары Астанада талқыланды

Интерньюстің семинар-тренингі өтіп жатыр

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • Ақтөбеде балаларға арналған «Аяла» орталығы ашылды
  • Павлодар қалалық сотында «Отбасы соты» бөлмесі ашылды
  • Теннис: қазақстандық теннисшілердің Дубай турниріндегі қарсыластары белгілі болды

RSS Ақорда

  • Елбасы халықаралық спорт сайыстарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті
  • «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
  • Мемлекет басшысы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесті

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

  • Noon All Year
  • Red Pepper
  • The Most Frugal Vacation: A Photography Roundup
  • History of Ornithology
  • If You Want Change to Happen, You Have to Do It Yourself
  • Insomnia
  • Dani Shapiro on her new memoir, DNA, and more
  • I’ve Always Seen Myself as a Bridge, Connecting People, Knowledge, and Ideas
  • The Lucid Album Preview
  • Love Is Love Is Love
© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры