| 802 рет оқылды |

Жаңа журнал ашам десеңіз…

 

Жаңа журнал ашайын деп едім. Не істеуім керек?


БАҚ туралы заңының  5-бабына сәйкес Бұқаралық ақпарат құралын құруға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн.
Бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға:
1) мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк;
2) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысуға лицензия негiз болып табылады.
Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды.

Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы өтiнiште:

1) мерзiмдi баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң атауы орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;

2) мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпарат агенттiгi материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);

3) шығарылымның болжалды мерзiмдiлiгi;

4) негiзгi тақырыптық бағыты;

5) таралу аумағы;

6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты;

7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.
Өтiнiшке:
жеке тұлғалар үшiн – кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесi;
заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi;
мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi.

Дайындаған Жанерке.

Әлеуметтік желі

Кездейсоқ

4 Пікір пікір жазылған “Жаңа журнал ашам десеңіз…”

  1. Журнал ашам деп жүрген біраз азаматтарды осы кеңесті көруге жұмсайын, дәл керек мәліметтер екен. Рахмет!

  2. ммм, мұны білгісі келетін адамдар үшін табылмайтын кеңестер тізбесі деуге болады.

  3. Еңбектеріңізге Алла разы болсын, Мінбер, Жанерке!

  4. Біз жаңадан ашылған қоғамдық қормыз! Қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда оларға зейнетақы жарнасын және әлеуметтік салық төлемеуге болады дейді. Ол тек тұрақты қызметкерлерге ғана төленеді делінген. Сол рас па?

Жауап қайтару

Айдарлар

Соңғы пікірлер

  • Дана: Жаман әдет мұсылманшылыққа жат Білімді болуда, кітапты көп оқуда ғылым-білімі, мәдениеті дамыған өзге ұлт...
  • Дана: Интернет арқылы іздеп көр! Мүмкін, табылып қалар. Немесе Жағда Бабалық атамыздың кітабында да бар. Ұшына от...
  • Арайлым: Біз жаспыз, көп нәрсенің байыбына барып ойлана бермейміз. Агенттің зиян екенін біле тұра, одан бас алмаймыз....
  • Елдос: Қазақ пен жапон арасындағы мәдениет мәселесін Күлдан шешпейді. Бірақ, бұл сөз қай жерде, қандай жағдайда...
  • Алаш: Ия не кереги бар бул ТЕКСИЗ жобанын.Мадениеттен журдай адамдарды когилдир экранга шыгарып демеушилик жасаудын...

Газет оқырманы қайда?

Хат жазғыңыз келсе

wordpress visitor counter

0
Unique
Visitors
Powered By Google Analytics