• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазаққа “құлсың!” демегін…
Ұшып кеттік көкке біз!
“Зұлмат” – қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді
Қарақшылардың қолынан қаза тапқан…
Қандастарымыздың «сүйінші!» дейтін күні алыс емес
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВҚА ЖАЗҒАН ХАТЫ
Қандастарымыздың зейнетақысы мәселесі шешілді
Бүгін – ерте, ертең -кеш
Келер жыл Қабан ба, әлде Доңыз ба?
Жаңалықтағы жаңалық

Мәшһүр Жүсіп Көпеев: Құнанбай тәкиесі кіші жүз билігінде қалған

04 Jun 2012
|   
Пікірлер: 0

Біздің бұл қазақта тасқа таңба басқандай анық шежіре жоқ. «Оқуға сенген – ұмытшақ» деп оқуды керек қылмаған, «жазуға сенген – жаңылшақ» деп жазуды керек қылмаған. Оқу, жазу жоқтығынан жазылған шежіре болмаған. Естігенін ұмытпайтұғын құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар ұқпа құлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естігені, көргені жат болған қариялар кейінгіге ауыздан-ауыз алып айтумен үлгі-өсиет қалдыраған.

Біздің қазақта шежірені басқа жұрттан ақтарып, тентіреп таптырып алғанын кім екенін сөйлейік.

Қазақ, қазақ болғанда бұл қазақта Қажыға әуелгі бастап барған – уақ Нұркен бай. Тоқал қатынымен барып, төрт жыл жолаушылықпен жүріп, бесінші жылда қайтып аман-есен еліне, жұртына келген. Сол Нұркеннен соң екінші Қажыға барушы – күлік Самай сопы. Баянаула дуан болып аузы ашылғанда ояз болған. Ноғай Байжан хазірет сол екеуі болған, екеуі де сол жақта өлген. Солардың кеткен жылы қой жылы еді, 1858 жыл болса керек. осы сөзді жазып отырған Мәшһұр Жүсіп дәл сол жылы туған бала, осы күнде жетпіс жаста отыр.

Бұл қазақта үшінші қажыға барушылар – тобықты Құнанбай, айдабол  қишыл Қыстаубай, Ақмоладан Аққұм, Қосқопадан Шекшек қажы, Атбасардан Егізек Жанайдар, Есіл бойындағы құлан қыпшақтан Шонтыбай, Батырқожа молда балалары. Сілеті бойындағы қыпшақтан Құрман баласы Хасен қажы, мәмбет тоқадан Өзден,  Сазан ұрпағы Мұхаммедсәлім қажы, Өр Алтайдан Алдажұман немересі Ешмұхаммед қажы, Ертіс бойындағы афай бөріден Құдияр қажы, Көкшетаулық атығайдан Қожахмет қажы, егізек Жанайдармен бірге барған Сұлтанқожа қажы, қишыл Қыстаубаймен бірге барған Жәмек қожа, Байзолда ишан. Бұларды қалдырмай жазып жатқаным тірі қайтып келгендерінің бірсыпырасына аузыба-ауыз сөйлесіп, мән-жайына әбден анық болғандығымды түсіндіру үшін. Орта жүзден жиырма кісі болыпты. Кіші жүзден табандаған жүз кісі болыпты. Ішінде Нұрпейіс хазірет, Досжан халифа бар дейді.

Қазақ бұдан бұрын бүйтіп бас қосып қажыға бармаған екен. Жүз жиырма кісі болып арасын айырмай, тізе қосып, қол ұстасып жүрген соң және өздері де көзге түсерлік һәр таптың қасқа-жайсаңы болғандықтан көрген таңырқарлық болыпты. Қазақ байқұстың салпиған тымағының құлағын, сүйретілген тонының етегін, аңқиған аузын көрген соң көрген қызығып, сұқтана бастайды ғой.

Ноғай өкілі мен сарт өкілі таласыпты. Ноғай өкілі: – «Бұлар мәскүптік, мен мәскүп кісісімін» деп, сарт дәлелі: – «Бұлар Бұқар тіл, мен Бұқар тіл кісісімін» деп. Меке бастығын – шәриф, Мәдине бастығын – шайқы дейді екен. Екі шәрифтің шәрифтері, шайқылары бас қосып, алдарына алдырып сұрапты: – сіздер мәскүпдіксіздер ме, Бұқар тілсіздер ме? – деп. Сонда қажыбасы Құнанбай екен. Ол кісі сөйлепті:

– Біз мәскүп-сәскүбіңді де білмейміз, Бұқар тіл-сүқардікін де білмейміз, тіріміздің билігі алдияр ұранды төреде, өліміздің билігі Алда ұранды қожада, жайылуы мал сықылды, жусауы аң сықылды бетімен өскен қазақ деген жұрт боламыз – депті. «Қазақ дегенде жұрт болады екен-ау!» деп аң-таң қалысыпты. Тарих ақтарып, шежіре қаратыпты, таба алмапты. Көпте не жоқ, бір бурыл бас сөйлепті: – «Бұл тарих табылса, Бағдат шәрифте Имам Ағзам кітапханасы деген үй бар, жау таламаған, ешқайда шашылып бытырамаған, табылса, сонан табылады» деген соң Бағдат шәрифке желмая мінгізіп, кісі жіберіпті. Бұлар өз ортасынан Кіші жүзде Досжан халфені жіберіпті.

Барған кісілер: – «Табылды, қазақ деген жұрт Әнес сақабадан өсіп-өніп, өрбіген екен» деп нұсқа көшіріп алып келіп, сонан кейін бұл жүз жиырма кісі ортасынан расхот шығарып, «Қазақ тәкиесі» деген тәкие салдырып, ол үйді Құнанбай атына жаздырып, «Мұнан былай қазақтан келген қажы осында түсетұғын болсын» деп сонан былай қазақ та ел-жұрт екендігі, пұсырман екендігі әйгіленген.

Бұлардың қажыға барған жылы баяғы жұт қояннан бұрын қаракиік жылы еді. Қишыл қажы қажыға кеткенде қатыны буаз қалып, ұл тауып, атын Мекебай қойған. Сол Мекебайы тірі. 53 жасқа аяқ басты. Баянаула, Қызылтау жып-жылтыр мұз болды. Жылқы біткен теңге шолақ сілетіге кетіп, қара мал семіз күйлі шығып май мұз атанды. Ол күнде екінің бірі, егіздің сыңары біліп, сөйлеп айтып тұрушы еді. Бұл күнде алай-дүлей, ұйқы-тұйқы аласапыран заман болып, бүтін естінің өзінде қалған жоқ. Жарым есті шала-шарпы білгенінен айырлып қалды.

Құнанбай қажының қажыға барған жылы 1874 жыл. Өзінің өлгені 1885 жыл. 81 жасында тауық жылы өлді.

Бұл Мекедегі Тәкие әуелі Құнанбай атына жазылған. Арғын атында болғандықтан орманшыдан барған Хасен Шайх даулап алған. Онан кейін тоқал арғыннан барған Ешмұхаммед даулап алған. Бұл күнде кіші жүз Досжан халфе атына жазылып қалыпты.

Мәшқұр Жүсіп қолжазбасынан. Ш. 1177 (ОҒК) 258-259 бб.

 

(1928 жылғы жазылған)

Түпнұсқа тақырыбы: Қазақ шежіресі қайдан табылған

Дереккөз: “Қамшы”

  • google-share
4,362 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Жаужүрек Мың Бала

Келесі жазба

Маусымның 4-і мемлекеттік рәміздер күні

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Қазаққа "құлсың!" демегін...

11 Feb 2019, пікірлер: 0

Ұшып кеттік көкке біз!

06 Feb 2019, пікірлер: 1

"Зұлмат" - қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді

31 Jan 2019, пікірлер: 0

Қарақшылардың қолынан қаза тапқан...

30 Jan 2019, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

22 Apr 2011, пікірлер: 33

Салеметсиздерме мен бир мекемеде 10 жыл...

Шапағатшы болсын!

Құрметті зангерлер. Мен алматыдағы 7...

Сәлеметсіз маган 5жыл стаж бар, жұ...

Басты жаңалықтар

Қазаққа "құлсың!" демегін...

Ұшып кеттік көкке біз!

"Зұлмат" - қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Қазақ тіліндегі контент проблемалары Астанада талқыланды

Интерньюстің семинар-тренингі өтіп жатыр

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • «Архив-2025» аясында 30 мың құжаттың көшірмесін әкелуді көздеп отырмыз - Берік Әбдіғали
  • E-SHANYRAQ: Көппәтерлі үйлер ай сайын 11 млн теңге үнемдейді
  • Білім беру мекемелерінде 50 басшының орны бос - Павлодар облысы

RSS Ақорда

  • Елбасы халықаралық спорт сайыстарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті
  • «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
  • Мемлекет басшысы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесті

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

  • Rainbow Bee Eaters at the Old Quarry
  • MOLD
  • Noon All Year
  • Red Pepper
  • The Most Frugal Vacation: A Photography Roundup
  • History of Ornithology
  • If You Want Change to Happen, You Have to Do It Yourself
  • Insomnia
  • Dani Shapiro on her new memoir, DNA, and more
  • I’ve Always Seen Myself as a Bridge, Connecting People, Knowledge, and Ideas
© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры