/////

«Наурыз мейрамы»

11 рет қаралды

2012 жылдың 20 наурызында номиналы  500 теңге «Наурыз мейрамы» монетасы  айналысқа шығарылды.

«Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген.

Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) халықтың көктем мерекесі – Наурыз мейрамын қарсы алған Қазақстанның көпұлтты халқын аясына біріктірген үйдің символы ретінде киіз үйдің шаңырағы бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «Наурыз мейрамы» деген жазу бар. Оң жағында моншақталған жиектің бір бөлігі, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жағында моншақталған жиектің бір бөлігі. Күміс монетаның сол жақ бөлігінде  монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу бар.

Қыры  бедерлі.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана. »

Ақпарат http://www.nationalbank.kz/?docid=479 сайтынан алынды.

 

 

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Алдыңғы жазба

«Руханият. Тәуелсіздік. Жаңғыру»

Келесі жазба

Жыл иесі ҰЛУ

Соңғы жазбалар

49 жылға жалға алды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары,

Вирустың беті қайтар емес

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 56

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және