///

Ресейде тұңғыш қазақ журналисін еске алды

20 рет қаралды

Ресейде тұңғыш қазақ журналисі, «Айқап» қоғамдық-саяси журналының редакторы Мұхамеджан Сералинді еске алды.

Басылымның алғашқы саны 1911 жылы Троицк қаласында шыққан болатын. Патша құрылымын сынға алғаны үшін басылым 88-шығарылымынан кейін жабылып қалады.

«Жорналдың 88 санының барлығында да қазақ халқының өмірі көрсетілген, оның беттерінде саясат туралы ештеңе жазылмаған да» дейді Троицкінің басшысы Виктор Щекотов.

«Айқап» жорналын шығарушы – журналист әрі публицист Мұхамеджан Сералин. Оның төл баласы атанған басылым қазақ халқының жалпыұлттық баспа органы мен жазбаша әдебиетінің ескерткішіне айналды, деп атап өтті арна.
» Біз бүгін осы тақырыпқа өте көп жылы сөздер айтылғанына қуаныштымыз. Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен бауырластықты сақтап қалуға тырысамыз. Осылай үнемі болады деп сенеміз «, – деп атап өтті Челябі облысының Нағайбақ ауданының басшысы Қайырбек Сейілов.

«Айқап» жорналында Торайғыров, Дөнентаев, Сейфуллин, Майлин сияқты белгілі қазақ жазушыларының мақалалары басылып тұрды. Басылым қазақ кедей-кепшіктерінің мүддесін қорғап, халықты сауаттандыру мен алға ұмтылуға үндеп отырды. Сонымен қатар қазақ прозасының, драматургиясының , әдеби сынының және қазақ әдеби тілінің қалыптасуына ықпал етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Алдыңғы жазба

Әзімбай Ғали: Тарих саласындағы дағдарыс. Одан арылу мүмкін бе?

Келесі жазба

Бүгін - Қазақ футболының күні

Соңғы жазбалар

49 жылға жалға алды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары,

Вирустың беті қайтар емес

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 56

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және