//

Бар мақсатым – чемпион болу

9 рет қаралды

Боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері – Қанат Ісләм таңғы тарту «Таңшолпанға» келіп, жеңіс жолы туралы айтып берді.
Былғары қолғап шебері жақында 12-ші жекпе-жегін өткізіп, қазақтың Көк Туын тағы бір мәрте көкте желбіретті. Осы жеңісі туралы алып былай дейді:
«Бастапқыда  қарсыласым колумбиялық боксшы еді, кейін ол менімен жекпе-жекке шығудан бас тартты. Сосын Эквадорға барып, сол жақтың  боксшысымен кездесуге тура келді. Эквадор – биік жер. Мен мұндай жерде жұдырықтасып көрмеппін.  Сондықтан, аздап қиындау болғаны рас. Бұл кәсіпқой бокстағы қиындық тудырған алғашқы жекпе-жек. Дегенмен, 9 раундтық бокста жеңіс маған бұйырды.
Бокстан әлемді бағындыруға аттанған спортшы  Америкаға барғанында 500-ші орында болатын. Қазір жүздіктің қатарына енген. Өзінің сөзіне қарағанда, бір-екі американдық,  колумбиялық спортшылармен жұдырықтасса, үздік ондыққа кіруге мүмкіндігі бар. Ал үздік ондыққа кіргеннен кейін чемпиондыққа таласуға жол ашылады.
Ғаламторға тарап кеткен «Батырдың көз жасы» атты бейнематериал туралы батыр «сол кездері көңілімде ерекше толқу болған шығар. Себебі, мен адам баласының алдында көз жасымды көрсеткен емеспін. Қашанда еліңнің биіктен көрінгенін қалайсың. Қашанда өзге мемлекет алдында десі басып тұрса дейсің…», деп ойын жеткізді.
Тағы бір сөзінде «…алғаш боксқа келгендегі мақсат – чемпион болу еді. Шетел боксшыларын жастайымыздан көріп өстік. Соларға еліктедік. Кейін неге біз осыларға қарай береміз, неге біздің қазақты да әлем танымасқа деген ой келді. Батыр бабалырымыздың қасықтай болсын қаны бар шығар бойымызда. Неге соны қолданбасқа, неге қазақты әлемге танытпасқа деп ойладым…».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Алдыңғы жазба

Көңіл жарасымы немесе сырттан тон пішу

Келесі жазба

Журналистердің төл мерекесі құтты болсын!

Соңғы жазбалар

49 жылға жалға алды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары,

Вирустың беті қайтар емес

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 56

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және