///

Мәжіліс сүзгісінен өткен көші-қон туралы заңды сенаторлар бірауыздан қолдамады

7 рет қаралды

ҚР Парламенті Мәжілісінің сүзгісінен өткен еңбек көші-қоны туралы заң жобасы Парламент Сенатының елегінен өте алмады03fb30e34782bdae6b554b8ac2d788f6_XL

Жоғарғы палатаның екінші оқылымында қызу талқыға түскен құжат Мәжіліске кері қайтарылды. Даудың басы отанына оралған қандастарға азаматтық беруден басталды. Заңдағы басты жаңалық – ата-жұртқа оралған ағайынға азаматтық бес жылға дейін берілмейді. Ал бүгінде Қазақстанның толыққанды мүшесі болуға ешқандай шектеу жоқ. Бірақ, ештен кеш жақсы деді ма, бүгін соңғы рет қаралып, Президентке жол тартуы тиіс жобаны сенаторлар бірауыздан қолдамады. Демографиялық ахуалды алға тартқан депутаттар жаңа жүйені орнататын уақыт емес деп қарсы шықты.

Светлана Жалмағамбетова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– 5-4 жыл деген ұзақ уақыт сияқты. Өзіміз шақырамыз. Қандастарымыз келіңіздер, бұл отандарыңыз деп келеңсіз жағдай туғызамыз. Оларды қиын уақыттың өзінде біз шақырдық. Қазір аяққа тұрып, дамыған елдің қатарына кіріп отырмыз. Неге біз қазір оларды итеру керекпіз?

Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Этникалық көші-қон саясатын одан әрі орнықтыру – бәріміздің парызымыз. Ол үшін еңбек көші-қон заңына өзгерістер енгізуге қатысты баптарды түгелімен қысқартып, бесжылдық тыйым мерзімін мүлдем алып тастаған жөн.

Заңдағы жаңалық осымен шектелмейді. Оралмандар квотадан да қағылмақ. Яғни атамекенге көшіп келген қандастарға енді мемлекет көмектеспейді. Депутат Қуаныш Айтаханов: «қиын-қыстау уақытта жәрдем беріп, әл-ауқатымыз артқан тұста тарылғанымызға жол болсын» деп наразылық білдірді.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Неге квотаны алып тастаймыз? Мысалы, керемет мамандар болуы мүмкін. Қытайда, басқа елдерде, біздің елімізге керек. Еліміздің экономикасын дамытуға жұмыс жасайтын, шығармашылық адамдар болуы мүмкін. Оларды квотамен жеңілдік арқылы алдыртуға болады ғой. Неге квотаны алып тастаймыз?

www.24.kz сайтынан

 

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Алдыңғы жазба

Айбынды, айдынды Абылай хан

Келесі жазба

Қара Ертіс – қарындасым

Соңғы жазбалар

49 жылға жалға алды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары,

Вирустың беті қайтар емес

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 56

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және